Шежире Генеалогия Казахов  
Главная страница Контакты Карта сайта
О Шежире Вставь себя Улы Орта Киши Аксуек Нух Библиотека Авторы Гостевая Форум
624 478 имен
Войти Зарегистрироваться
Оглавление

О роде Кете


Әлімұлы ұрпағында Кете руы бар. Бұл ру туралы алғашқы мәліметтер XII ғасырға қатысты, онда қидандарға бағынышты, 1120 жылы бекзадалары ЕлюйДаши қоластына жиналып, содан соң қараханидтерге қарсы жорықңа қатысқан 18 тайпа арасында кити (һіtі) тайпасы айтылады. Біршама кейініректе, Мүбәрәкшах тізімінде келтірілген тайпалар арасынан біз хита тайпасын көреміз, ол ңазіргі кетелердің атабабасы болуы мумкін. Кете руы туралы келесі ретте Кіші жүз руларының 1748 жылы А. Тевкелев жасаған тізіміпде айтылады. Кете руының этникалық тегін айта келгенде, бұл мәселеде бір пікір жоқ екенін көрсету қажет, Г. ГруммГржимайло олардың тегі аралас, динлиндер мен түріктердің, угрофиндердің (остяктардың) және алтайлықтардың буданы деп санаған. Мүбәрәкшах оларды түріктерге жатқызады. Бізге ертедегі кете (һіtі) тайпасы негізінде түріктер болған тәрізді.

Рудың таңба белгілеріне зерттеушілер назар аудармаған: ол Левшинде де, Гродековта да, Тынышбаевта да жоқ. «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдарда» ғана ру тармағы қаракетенің таңбасы келтірілген. Ел арасынан жинаған мәліметтер кете руының таңбасын анықтауға мүмкіпдік берді. Ол мынадай белгі . Егер бұл белгілі ру тармағы ңаракетснің екітшті белгісімен салыстырсақ, біз олардың бірдей және тек түрліше ор-иаласқан айқыш сызықты таңба екенін көреміз.

Скачать статью




 
← О роде Кызылкурт О роде Керейт →
Бытовая техника на украине блендер украинская бытовая техника.

Новости | Как читать Шежире | Сайты о генеалогии | Доска объявлений | Личность в истории | История Казахстана | Календарь © 2000 ― 2012 Шежире. Все права защищены.
Печать только с согласия авторов.