Қыпшақтар тайпасы сандық құрамы жағынан Орта жүзде үшінші орын алды және қазақтардың ғана емес, басқа да түрлі халықтардың этногенезінде маңызды қызмет атқарды. Таңбасы (қос әліп), ұраны«Ойбас». VIII ғасырдан бастап, бір тайпалық құрылымға топтаса бастаған қыпшақтар XI ғасырдың аяғында қыпшақ тайпаларының күшті одағын құрады. Бірігу үрдісімен қатар, олардың мекендейтін кеңістік аймағын ұлғайту құбылысы да жүріп жатты. мұиың өзі «Дешті-Қышпақ» (қыпшақ даласы) және «Половец даласы» этиографиялық ұғымдарының, яғни қыпшақтардың шығыс қыпшақ және батыс қыпшақ (оңтүстік орыс даласы) этно-аумақтық құрылымдарының пайда болуына себеп болды.
Сойтіп, Дешті-Қыпшақ тайпалары (шынъша келгендө қыпшақтар мен оларға бағынышты тайпалар) қазақтардың этногенезінде және олардың кейінгі тарихында зор үлестерін қосты, ал бұл тайпаның тарихында болған оқиғалар мен дара тұлғалар есімдері халық арасында кеңінен мәлім әдебиет ескерткіпгтерінде, халық эпосында, дастандар мен аңыздарда сақталған. Қыпшақтар мәдениетінің жоғары болғанының айқын куәсі ретіпде XII ғасырдан бастап, олардың тілі қазіргі Қазақстан аумағының негізгі бөлігіне таралды.
Түркі тілдес халықтардың аса құнды әдеби ескерткіші Қожа Ахмет Йасауидің «Диван и Хикмат» («Даналық кітабы») атты еңбегінің лексикасы да XII ғасырдағы қыпшақ тіліне тән. Орта ғасырлардағы қыпшақтардың дара тұлғалары мен тарихи оқиғалары, аңыздары мен этнографиясы бейнеленген «Қобыланды батыр» жыры, сондай-ақ ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жұмбақтар, әндер т. б. сияқты үлгілері сақталған «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ сөздігі) еңбегі жалпы жұртқа мәлім.