Войти
Ru

О роде Кердери

Кіші жүз құрамына кірген ежелгі рулардың бірі Кердері руы. Кезінде Якуп «Кердер Хорезм аймағындағы немесе оның түріктер аймағымен шекарадағы жер» деп жазған. Осы көрсетуді негізге ала отырып, П. И. Лерх пен Н. И. Веселовский, ал содан соң С. П. Толстов та Кердер деген жерді онда ғұнкидариттердің мекендеуімен байланыстырады және қазақтың Кердері руы атауыпда кидариттер әтнонимі сақталып қалган деп біледі.

Бұл пікірді олар Масудидің ғұздардың, қарлұқтардың және басқа тайпалардың арасында наүкерде тайпасы айтылатын төрт түрік тайпасымен күресі туралы деректерімен тиянақтайды, ал мұндағы нау иранша «жаңа», керд«қала» терминінің негізі. X ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп аталған. Оң жағалаудағы Хорезм жағы да Кердері делінген; нақ сонда екі кердері қаласы болған. С. П. Толстов басшылық еткен Хорезм археологиялықэтнографиялық экспедициясының жұмысы барысында Оңтүстік Арал өңірінен осы қалалардың Жанкент деп аталған біреуі табылып, аршылды, бұл «Наукердтің жаңа қаласы» дегенді білдіретін. Қарақалпақтавдың фольклорлық материалдарында мүйтен тайпасына кірген кердерлі руы аталады. Сірә, қазақтың кердері руы қарақалпақтың кердерлі руымен туыс және соңғылары сияқты Арал өңірінен шыққан болуы ықтимал.

Кердері руының таңбас (Левшин, Мейер бойынша), Q (Тынышбаев бойынша) белгісі болып табы лады, ел арасынан жиналған деректер олардың таңбасы деп көрсетеді. Таңбалардың бейнеленуінде айырма шылықтар бар сияқты болып корінгеніне қарамастан, тұтас алғанда олар оте жақын. Кердері руының ұраны Хожахмед (Тынышбаев бойынша), Қожахмет (Аманжолов бойынша).

Скачать статью