Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

О роде Есентемир, Шеркеш, Ысык

Біріншіден, бұл үш рудың бәрі Байұлы ұрпағьгна кіреді, дегенмен де бұл белгі туыстықты барлық уақытта бірдей дәлелдей алмайды; екіншіден, ең бастысы, олардың таңба белгілерін бірдей деуге болады. Мәселен, Есентемір руының таңбасы (Гродеков, Тынышбаев және Аманжолов бойынша), ІІІеркеш руында (нақ сол деректер мен «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдар» бойынша), ысық руында (нақ сол деректер бойынша), «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдарда» ғана таңбасы берілген. Бұл таңбаларды басқа рулар мен тайпалардың таңбаларымен салыстыру, олардың сырттай қарағанда бағаналылардың таңбасымен (бақан) және жалпы наймандардың таңбасымен бірсыпыра ұқсастығын дәлелдейді. Бұл рулардың негізгі ұйытқысының түптөркіні найман болуы мүмкін. Сонымен бірге серкеш (шеркеш) руы өзбеклокайлар құрамында да бар.

Бұл рулар туралы алғашқы хабарларды біз А. Тевкелевтен кездестіреміз, олар П. И. Рычковқа белгісіз. Қалай дегенмен де, Кіші жүздің олар келтірген «аса белгілі» руларының арасында бұлар аталмайды. Кейініректе олар Ларионовтың рапортында, А. Левшиннің еңбегінде және неғұрлым кейінгі зерттеулерде кездеседі.

Телеу руы VI ғасырдың өзінде Түрік қағанатының құрамына кірген ертедегі теле тайпасы болуы мүмкін. Т. А. Жданконың пікірінше, осы ежелгі тайпаның (теле) бөлшектері кейіннен қарақалпақтың мүйтен руының құрамына кірген, олардың ішінде телі және самат рулары бар. Қазақтың телеу руы саматтың бөлімшесі. Нақ осындай самат руы мүйтендердің құрамында кездеседі.

Кіші жүз рулары туралы мәліметтер жалпы алғанда осындай. Кіші жүздің рулыңтайпалық құрамы туралы қарастырылған мәселелерді 1801 жылы құрылған Бөкей ордасының (Ішкі орда) рулық құрамын қысқаша баяндап беру арқылы аяқтау қажет. Бөкей ордасының халқы, біздің бұдан әрі көретініміздей, Кіші жүзден шыққан, сондықтан да нақ сол рулармен аталған.

Бөкей ордасындағы ең көбі Байұлы ұрпақтары. Мұнда оның құрамында Алтын руы ғана жоқ; Жетіру ру бірлестігінен Телеу, Жағалбайлы, Рамадан және Керейіт б олмаған. Ақырында, Әлімұлы ру бірлестігінен оған кете руы қауымының бір бөлігі ғана қ оныстанған. Алайда Бөкей ордасы руларының арасында Ноғай руы да бар. Оның пайда болу тарихы әзірше анықталма ған күйінде қалып отыр. Оның Бөкей ордасының құрамындағы ру екені туралы алғашқы хабарлар 1829 жылы айтылған. Жайықтың арғы бетінен келген Кіші жүз руларының құрамында бұл ру болмаған. Демек, ол мұнда Бөкей ордасы құрылғаннан кейін барып бір жақтан келгеп немесе осында Ноғай деген әлдебір қарттың, бидің басшылығымен әр түрлі рулардың бөлшектерінен пайда болған дейді А. Харузин. Біздің ойымызша, опың бұл тұжырымы дұрыс емес тәрізді. Шынына келгенде, Беиаи мен Рузбиханның дәлелдеуіне қарағанда, бұл ноғай ұлысының құрамьша кірген және XV ғасырдың өзіндеақ Еділ бойындағы жерді мекендеген маңғыттардың (ноғайлылардың) қалдықтары болса керек. Бұл ұлысқа, ал сөдан соң қазақ хандығының құрамына кірген тайпалардың нақ солардың өзі екеніне еш күмәніміз жоқ. Маңғыттардың бір болігі (Ноғай ұлысы ыдырағаннан кейін) Солтүстік Кавказға кетіи, ал олардың басқа бір болігінің Еділ маңындағы бұрынғы көшіп жүрген жерлерінде қалған болуы мүмкін.

Астрахан губерниясында тағы да қараноғайлылар мекендеген, олардың бір бөлігі өздерін қазақтың ноғай руына жатқызған. Бөкей ордасы құрылғаннан кейін ертедегі ноғайлылардың қалдықтары Кіші жүз қазақтарына қосылып, оның дербес руы болған. Мемлекеттік архивтерде ноғайлылардың Солтүстік Кавказдан «қырғыз даласына, өздерінің ежелгі туған жеріне» қоныстануы туралы ноғай бекзадаларының өтініштері мен князь Потемкиннің жобасы сақтаулы.

Ноғайлардың Бөкей ордасы қазақтарының арасында мекендеу себептері қандай болғанымен де, бізге бір нәрсе айқын: бұлар осы жерде XV ғасырдың өзінде көшіп жүрген ноғайлардың қалдықтары. В. Ф. Шахматов та осындай пікірге келген, ол былай деп жазады: ноғай руы «ертедегі ноғайлардың ұрпақтарынан құралды, олар Кіші ордаға ірге тепті, сонан соң қазақтармен бірге Жайық пен Еділ арасындағы жерге көшіп, қазақтардан тілі жөнінен де, тұрмысы жөнінен де айырмашылығы болмай, солармен бірге көшіп жүрді». Егер біз келтірген үзіндінің бірінші бөлігі біздің жорамалымызды толық растаса, екінші бөлігінде В. Ф. Шахматов та қате жібергең. Біз Жайықтың оң жағасына көшкен Кіші жүз руларының арасында Ноғай руының болмағанын бұрын да айтқанбыз. Бөкей ордасының құрамына ол құрылғаннан кейін ғана кірген.

Скачать статью