Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

О роде Албан, АЛБАН Ұраны «Райымбек»

Дулаттар одағының бір руы. Қытай деректерінде ежелгі дулулармен қатар албандар мен суандар да аталып кетеді. Бұл туралы орыс шығыстанушысы Н. Аристов былай деп жазады: «Қытайлар Хантәңірі мен Алтай арасын VII ғасырда м екендеген рулардың атын сақтап ңалды: шу-юс, шу-ми, шу-мугун, чу-бан және басқалар. Мүмкін, Дулу бастаған бұл рулар ертеректе юсбан тұрғындарын ңұрайтын айрықша Шу тобын құраған шығар. Бұл атаулардан мәні чу- бан мағынасы қырғыз-қазақтар қастер тұтатын дулаттарға тамьгрлас ад-бан (ал бан) мен су- бан (суан) шулықтардың рулары болатынына негіз бар, б әлкім, шу-бан есімімен Дулу аймағының. қүрамында болған шығар». Бұл қытай қолжазбаларының деректері қазіргі Албан мен Суан Дулат одағына кіргеніне дәлел бола алады. Қазақ шежіресі бойынша, Албан Суан мен Дулат Бәйдібектің пемересі болып келіп, Үйсінге алтыншы атадан барып қосылады. Бұл мәлімет олардың арасында туыстық-тамырластық қарым-қат ынастар бөлғанын көрсетеді. Көптеген ғасырлар бойы олар Дулат басқарған Одаң та болады. Ал, гаын мәнінде дулаттар албандар мен суандарға қарағанда сан жағынан к өп, олар Ташкенттен Алматыға дейінгі аймақты алып жатыр. Албандар болса, Верны й уезінің нгығыс жағында тұрақтады, қазір Алматы облысының Кеген мен Райымбек аудандарында қоныс теуіп отыр.

Албан руының ата тегі туралы XIX ғасыр мен XX гасыр басындағы әдеби деректер мен ңазіргі зерттеушілердің еңбектерінде кесте бар. Бұлард а мағлұматтар жиі қайталанса да толың емес, ең дұрыс дегенде жалпы Албан атадан бері қарай 34 буын тармағы дәл. Солар дың ішінде М. Тынышбаевтың деректері толық болып саналады. Оған қоса біз 1968 бен 1975 жылдары жинаған мағлұматтар оған қосымша болып есептеледі. Бұл Албан ата тег і туралы деректер салыстырылып, кейбір жағдайлард а бұрын жіберілген сәйкессіздік толықтыра зерттелді. Бәрібір біз қаншама күш салып, бүкіл рулар, аталар, үрімбұтақтар жайында мол мағлұматтар бергіміз келгенімен, деректер жетпегендіктен, ол мақсатымыз орындалған жоқ. Соның нәтижесінде Албан руының кейбір аталарын бүгінге жеткізіп, 1013 атаға дейін ғана таратып әкелсек, кейбіреуі бойынша 34 ат амен шектелдік (4а, ә, б-қосымшаларын ңараңыз).

Бізге толығырақ мағлұмат беріп, көптеген құнды деректерге қол жеткіздірген мәлімет берушілердің есімдерін атай кетуді парыз деп білеміз. Олар: Шелек ауданындағы 1938 жылы туған (Сарыңаңлы) Отан Мақашев; Шелек ауданындағы 1924 жылы туған (Найман руынан) Файзолла Балмағамбетов; Шелек ауданындағы 1897 жылы туған (Албан) Алмабай Шынәсілов; Кеген ауданындағы 1885 жылы туған (Албан) Әкімбай Сөкеев; Таутүрген тұрғыны 1889 жылы туған (Албан) Әжімұрат Жапаров; Шелек ауданындағы 1910 жылы туған (Қ ызылбөрік) Көмек Жаныманов; Шелек ауданындағы 1940 жылы туған (Албан) Байділдә Әнесов; Кеген ауданындағы 1891 жылы туған (Албан) Көпбосын Тұрсынов.
Қазақ шежіресі бойынша, Албан руы үлкен екі тармақ: Шы был мен Сарыға бөлінеді. Шыбыл өз кезегінде екі ата: Қызылбөрік (шын ат ы Бөтей), Қоңырбөрікке (шын аты Өтей) бөлінеді. Қызылбөріктің екі ұлы: Молболды және Жолболды. Молболдыдан Тотас пен Есен. Тотастан Торғай мен Байназар. Есеннің бес ұлы бар: Базаркелді, Қазым бет, Еламан, Құланаяқ, Марша. Еламаиның бес ұлы бар Қонақ бай, Шағаман, Сапы, Шоқай, Найманбай.

Шағаманнан Арыстанбай, Атымтай, Майрық пен Бисары. Бисарыдан Жанбота, Көбек, Маңғыл. Жанботадан Мойнақ, Бекберген, Тоқберген. Мойнақтан Қүрман, Жәнібек, Сәке. Сәкеден Әкімбай (біздің мәлімет берушіміз, 1885 жылы туған). Шежіре бойынша, Әкімбайдан Албанға дейін 12 ата.

Найманбайдан Қожамжар, Байназар, Сүгір, Алтай, Әжібай. Әжібайдан Құдайберді, Қыдырәлі, Мәуке, Байыс, Жалбы, Бердіқожа, Айдар, Алқазы.
Қызылбөріктің екінші тармағы Жолболдыдан екі ұл туады: Сақау (Қонақкелді), Кереқұл (Ағай). Сақау мен Кереқұлдан өсіп-өрбіген ұрпақ көп болғандықтан, біздің мәлімет берушілеріміз оларды таратып бере алмады. Сондықтан біз Са қау мен Кереқұлдан бері ңарай 12 ата шығарамыз: Әзет, Нәзет (Абыз), Еспер, Мәмбет, Бе рдікей, Тілеу, Дәуетек, Байжан, Жапалақ, Тұманбай, Өтес, Қожас.

Албан руының ірі тармағы Қоңырбөрік үшке топтасады: Қа лқаман, Бойдақ, Жарман. Қалқаманнан Біте, Базар, Майлы, Тама. Бойдақтан Құртқа мен Мамай. Жарманнан Қараңұл, Сарықұл. Қарақұлдан Естемес, Кешкіл. Бұдан Қоңырбөріктің үрім-бұтағы туралы біздегі мағлұматтардың аздығы көрінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз дің арасында бұл рудың бірде-бір өкілі болтан жоқ. Шежіре бойынша, Албанның Сары руы екіге айыры лады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ, бұл есімдер халық ішінде ата болып атал май, олардың балалары атында бергі рулар кездесетіндіктен, әтноним ретінде алынбайды. Мәселен, Сүйерқұлдың төрт ұлы: Шоған Абыз, Досалы, Қожбанбет, Жарты мен қызы Әлжан (Алжан) б ар. Әлжан кірме Мәмбетке тиіп, ата-анасының қолында қалып, төрт ұл табады: Сырымбет, Шег ір, Аламан мен Хангелді. Әлжанның жоғарыдағы төрт бауыры мен оның ұлы ел аузында «С егіз сары» деп аталады. Бүкіл дерлік әдеби деректерде Албанның тегін таратқанда «Сегіз сары» Қызылбөріктің бөлек атасы ретінде көрсетіледі. Иә, «Сегіз сары» атауының өзі де бұлардың Сары ұ рпақтары екенін айқындайды. Албан тегінің бұл иірімін М. Тынышбаев өз кезінде анықтады, біздің зерттеулеріміз де оны пысықтай түседі. Алжан ұрпақтары да әдетте қазақ арасында халықта сіңісті болғандай әкесінің емес, анасыныц атымеп аталады. Алжан балала рының бір үрім- бұтағы Хангелдіден XVIII ғасырда Жоңғар басқыншыл арына қарсы белсенді күрес жүргізген атақты Райымбек батыр шықты. Кейіннен бұл есім күллі албандықт ардың жауынгерлік ұранына айналды. Райымбекті халық қасиетті әулие тұтып, оның есімі ел аузында аңызға айналып жүр. Онда ол өлер алдында ө сиет етіп, өзін дүние салғанда денесін ақ киізге оран, ақ аруанаға артып, оған ңай бағытта да жүр уіне бөгет жасамай, өзін інген шөккен жерге жерлеуді өтінді деседі.

Мәйіт артылған ақ аруана ңазіргі Алматы қаласына келіп шөгіп, өсында Райымбекті арулап көміп, сабан кі рпіштен ескерткіш тұрғызылады. Қазір мазар орнында белгі орнатылып, үлкен даңғылға Райымбек ата есімі берілгенінің өзі оғ ан деген халық ңұрметі мен махаббатын көрсетіп, аруағын асқақтатады. Сегіз сарылар ішінде үлкені де, беделдісі де Сүйе рқұлдың үлкен ұлы Шоған Абыз Тұғыжым (Айтбай, Сиқымбай) мен Дәулет (Аманңұл, Жәдік) болды. Досалыдан Шажаның көптеген ұрпақтары (Тыныбек, Жәнібек, Қалматай, Жәд ік), Жансадық (Нияз, Шағыр, Рыскелді) мен Құлсадық (Баймен, Қуат, Биеке, Байсейіт, Еспенбет) өрбиді. Шажа ұрпақтарынан бізге мәлімет берген Ысңақ Мамаділов (1905 жылы туған) сегізінші ата болып келеді. Қожбанбеттен Тілеу (Қалдау, Тұрсын), Сағым (Балта, Қанай) мен Ағьгм (Бишал, Сары). Жартыдан Тілеуберді, Еспер мен Жақоз.

Бұл Сүйерқұлдан шыққ ан Сарының ұрпақтары түгел ел аузында «Сегіз сары» деп аталады, ал шындығында бұндай ата б өлған емес. Сүйменді деп аталатын Таубұзардан да аз ұрпақ тараған жоқ. Одан екі тармақ тарайды: Айт пен Бозым. Ел ішінде оларды жиі қосып айтып, Айтбозым атайды. Соған ңарамастан, олар мүлде әр түрлі Албанның ірі аталарын ңұрайды. Сонымен, А йттан Жанбаба (Қалдыбай), Абата (Брідайшы), Сүйіндік (Сайынбөлек), Маматайыр (Таңа тар, Қалыбек, Жорт) мен Қарашаш атты қызы туады. Аңыз бойынша, ол әлде бір сұлтан ның (төренің) баласына айттырылып ңойылыпты. Бірде күйеу жігіт ө з қалыңдығының аулына ресми ұрын барып, еліне оралған соң ол қайтыс болып, құдалар жағынан ешқандай хабарошар түспейді. Әйтсе де, Қарашаш өзінің атастырған жігітінен ұл тауып, есімін Жиенқұл деп қояды, бірақ оны әлденеге «Қыстық» деп атап, тараған ұрпақтары да солай аталып кете барады.

Жиенқұлдан екі ұл қалып, бірі Ақназар ел аузында «Ақңысты қ» деп аталып кетеді. Ақназардан Құлақай (Майлы, Сарман) мен Тілес (Шойқара, Жайын, Оңт ағар, Бегім мен Таңат). Біздің мәлімет берушіміз Алмабай Шынасілов (1897 жылы туған) Аң назарға тоғызыншы атадан ңосылады. Қарақыстық деп аталған Тоңтамыстан Бектемір, Қарақұс, Ескене мен Мәлике. Бұл Жиенқұлдың күллі ұрпақтары шежіреде қазірге дейін Қыс тық деп аталып келеді. Аңызға сәйкес Қарашаш ұлы Жиенқұлды төркініне тастап, Жалайыр жаққа күйеуге шығып кетеді. Бозымнан үш ұл бар: Жаншық (Әлмірек, Беснайза мен Олжай ), Шобалтаз (Боздақ, Ноғай) және Сарыбай (Өтеп, Дәуіт). Біздің мәлімет берушіміз Көпб осын Тұрсынов (1888 жылы туған) Бозымға 9 атадан барып қосылады (Албан руларының т олық ата тегін 4- қосымшалардан қараңыз). Албандар ішінде бүкіл Ұлы жүзг е ортаң «Баңтияр» деген жауынгерлік ұраннан басқа XVIII ғасырда өткен атақты Ра йымбек батыр атымеп «Райымбек», «Райымбек ата» дейтін ұраны бар. Албандардың рулық таңбасы Дулаттың шеңберінің бір түрі секілді Н. Аристов, Н. Гродековтың есеп-қисабына сілтеме жасап, XIX ғасырдың аяғындағы албандардың саны 15500 шаңырақ болғанын келті ріп, олардың негізінен Жетісу облысы, Верный, Жаркент уездерінде тұратынын атап кетеді. Бұл екі уезде қазақ халқы Ұлы жүздің бірнеше руларынан, атап айтсақ, Сарыүйсінде р, Дулаттар, Шапыраштылар, Ыстылар, Жалайырлар, Қаңлылар, Суандар мен Ал бандардан тұрады. Албандар бұл өлкенің өңтүстік-шығыс жағын алып, Іле өзенінің оң жағасын жайлап, Қытай шекарасына дейін Жаркент уезінің оңтүстік-батысын, Іленің сол және оң жағасын біртұтас мекендеді. Верный уезінің көлемінде негізінен Қ ызылбөрік пен Сегіз сарылар орын тепті. Алғашқылары таудың оңтүстік аудандарын, ал кейінгілері уездің солтүсті к-шығысындағы Іленің сол жағалауын ата қонысқа айналдырды.

Сегіз сарының рулық бірлігінің қыстауы Алабайтал, Сарыбұлақ, Асы сағасы, Сауысқан, Сарымсақты, Шөладыртеріскей, Сөгеті мен Бөгеті шатқалдарын, одан қалса, бір бөлігі Серектес пен Көктерек тау шатңалдарына орналасты. Жайлауы альпі шабындығы Асы мен Қарқарада бөлды. Қызылбөріктердің тұрағы Сегіз сарылардан күнгейге қарай ж оғарғы Шелек өзені, Далашың, Биесимес, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қон дық, Сарыбұлақ, Қызылауыз бен Бақалы шатқалдарын да орналасты. Жаркент уезінде Албан руының көп атасы шашыраңңы орналасқан. Іле өзенінің сол жағасындағы оңтүстік бөлігіыде шығыста Қытай шекарасына дейін, оң түстігінде Іле Алатауының биік жөталарына дейін, батыста Верный уезінің жеріне дейін Қоңырб өрік рулары, Қызылбөріктің шамалы бөлігі, Сегіз сары, Айт, Бозым, Қ ұрман мен Әлжандардың аталары қоныстанды. Осы кең-байтақ өлкеде қыстаулар, күзеулер, көктеулер мен жайлаулар шоғырландырылып отырды, өйткеиі онда өзеннің құнарлы алқаптары, тау өзендерінің шатқалдары мен аса биік тау шабындықтары болды.

Мәселен, Іле өзенінің сол жағасын Қытай шекарасына дейін және батыста Шарын өзеніне дейін көптеген Сегіз сары атасының қауымдастығы мен Қоңырбөрік руы иелік етті. Олардан батысқа қарай Верный уезінің шекарасына дейін Айт пен Бозым аталары, ішінара Қызылбөріктер, ал Текес пен Шалқыдысу өзендері бойында Алжандар мен Құрман аталарының қыстаулары қанат жайды. Кеген мен Меркі өзендерінің алқабында, тау баурайларында Қоңырбөрік, Айт пен Бозым руларының қыстауы ірге көтерді. Күнгей Алатауының теріскейіндегі тау өзендерінің шатқалдарында Қызылбөрік рулары мекендеді. Іле өзенінің оң жағасында Жаркент уезінің қарамағын да Қоңырбөрік руы қыстаса, Айттар Алтынемел қыратының шатқалында, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ, Айнабұлақ өзенінің бойында, сонымен қатар Іле бойындағы Қар атөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды мен Айдарлы шатқалдарында қоныстанды. Бұл екі уездегі Албан руларының күзеу, көктеулері қыстаудан онша алшақ емес еді, ал жайлауы таудағы альпі шабындықтарында болатын. Албан руына жататын қазақтардың басты кәсібі мал мен егін, қой-ешкі өсіріп, ірі қара мен жылқы бағып, шамалы түйені кіреге жіберіп, отырықшы және жартылай отырықшылық өмір кешіп, егін салды. Дәнді дақылдан кең тарағаны бидай, сұлы, арпа мен тары еді. Өз қыстауларының маңында қалып, телімдерінде егін өсірген жатақтар да аз болмаған.

Скачать статью