Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

О роде Ысты, ЫСТЫ Ұраны «Жауатар», таңбасы | (көсеу)

Ыстылардың ежелгі әтникалық тарихы, оның үстіпе әтногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жер інде басңа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзеидерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басңа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына ңоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәлім еттер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, соиымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу тура лы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуіиде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жариялан ымдарын жатқызуға болады.
Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік т уды (№ 7 ңосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы об лысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соғаи сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қа рағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады.

Шежіре бойынша Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойыңтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; ҚұланшыданАмантай мен Жамантай. Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өте с, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан ), Қожансүгір. Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе б и, өдан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Когдімбет (Әжі, Наурызбай , Томай). Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ож ырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымш аны қараңыз). Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, кө птеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде, деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадьщ. Соган қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның ру лың құрылымы жайыпда недәуір толық түсінік береді. Ыстының рулық жауынгерлік ұраны «Жауатар», ал таңбасы | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н. Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде 1500 шаңырақ, ал ІПымкентте 3500 шаңырақ, М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтін түтетіп отырды. Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпаитын дәлел болмаса да, үш уездегі ола рдың қоныстапуы туралы біршама түсінік бере алады. Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойьщ руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қанатт ас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойың руы сан жағынан Тілік руыиан басым түсіп жатқанын көрсетеді. Верный уезінде тұратын Ойықтың әр түрлі қауымы не гізінеп үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласыпқүраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Ма ңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында , Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты.

Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарынд ағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды. Ойың руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Кү зеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, баз біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды. Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әр қайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды. Әулиеата уезіндегі Ойың руы қауымдастығының тобы, негізінен екі жерде тұрақтады. Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалау ды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қаиаттас қоныстанды.
Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдеріиің атырабыида, сөнымен қатар Әулиеата айналасында өмір с үрді. Ойық руыиың бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, бау- бақшамен айналысты. Шымкент уезінің жерінде Ысты руыиың О йық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса. Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады. Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстаула рына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үл-кен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлаң, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілі к аталарының ең саны көп, шоғырланып отырған тобы болатын. Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекарага дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды.

Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырық шы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игер ді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазытұрт беткейінде орналасты. Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қ анатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер ортал ықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылыиатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлыжақыбайлар, көбінесе, жеркепелерде тұ рды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қо ныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды.

Скачать статью