Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

О роде Ошакты, ОШАҚТЫ Ұраны жалпы үйсіндерге ортақ «Бақтияр»

Ошақты руы туралы да көне жазба деректерде ешқандай мәлімет жоқ. Тек қана орта ғасырдағы бір мағлұматта Ошақты емес, оның бір Байлы руы жөнінде XV ғасырға жататын араб саяхатшысы Масуди «Тарихи Абулхайырхани» шығармасында там-тұм ескертіп өтеді. Орыс әдеби деректерінде XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін де Ошақты руы туралы бірде бір сөз айтылмайды. Тек 1867 жылы Ю. Южаковтың еңбегі жариялаиып, онда Ошақты мен Шапырашты Суанның баласы деп қатеге ұрынады.

Бірақ, Ю. ІОжаков Ошақты руының тегі туралы ешқандай мәлімет бермейді, Н. Аристов та ңолында дерек жеткіліксіз болғандықтан, бұл ірі қауымдастықтың ата тегі туралы епщандай ауыз тұшытарлық мағлұмат келтірмейді. Тек М. Тынышбаев қана Ошақтылардың рулық құрылымы туралы біраз хабардар етеді, сол біздің ата тек тарату жұмысымызда біршама бағдар болды.

Қазақ шежіресі бойынша, Ошақты Үйсінге шөбере болып келеді. Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: біріпшісі Мапыраштыдан Шапырашты, екіншісі Қарашаштан Ошақты және үшінші әйелі Сландыдан Ысты. Демек, қазақ шежіресі олардың туыстық байланысын айқындап береді. Оыың үстіне, В. Востров Қоңыр атасының Ошақты мен Ысты құрамында болуының өзі олардың туыстық қатынаста болғанын көрсетеді деп есептейді. Огнаңты руының тегін тарқатуда бізге мәлімет беруші Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылының тұрғыны 1889 жылы туған (Ошақты) Мықтыбай Ма хамбетов көп көмектесті.

Қарапайым әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде Ошақты руының тегін жүйелеп, олардың қоныстанған ауданын айқындаудың мүмкіндігі туды (№ 8 қосымшаны ңараңыз). Сонымен, Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байназар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек (Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары, Қасқа, Қабыл.

Соңғыдан Қосберді, Есенғұл, Есберді. Есбердінің үш ұлы бар: Ауызек, Есенәлі, Мүсірәлі. Соңғыдан Бекен, одан Панг батыр (К. Қасымовтың ізбасары). Қоңыр руы төрт тармақ: Шуылдақ, Алданар, Жамантымақ, Түлкіші. Аталық атасы да беске бөліиеді: Орақ (Төртауыл, Қарсақ), Жалмәмбет (Берді, Сүгір, Төбет, Тас). Көп аталы Тасжүрек он екіге тарайды: Қосаң, Солақай, Сейіт, Тоқтыауыл, Қараман, Келмембет, Бөлек, Тас, Тілеу, Қайқы, Таз, Кенже. М. Тынышбаевтың мәлімдеуінше, Тасжүрек руынан әйгілі Саурық батыр шығып, 1725 жылы Торғайда Бұланты, Бөленті өзендерінің жағасында ңалмақтармен болған соғыста жеңіске жетіп, ол ара әлі күнге Қалмаққырған деп аталады. Айта берсе, Аңназар, Ңойназар, сонымен ңатар көп аталар, Қоңыр, Аталың, әсіресе Тасжүрек жайында мағлұматтар аз болғандықтан шектелуге тура келді.

Ошақтылардың рулық айрықша жауынгерлік ұраны жөнінде ешқандай деректер жоқ, сондықтан оларда үйсіндерге ортақ ұран «Бақтияр» деп шамалауға болады. Аристов, Тынышбаев, Аманжолов пен Востровтың айтуынша, рулық белгі (Тұмар таңба). Ошақтылар онша көп емес, Н. Гродеков, И. Смирнов мәліметтерін негізге алып, Н. Аристов олардың жалпы санын шамамен XIX ғасырдың аяғында Әулиеата, Шымкент, Ташкент уездерінде 2000 үй деп көрсетеді. М. Тынышбаев 1917 жылы Әулиеата уезінде 60 мың жан, Шымкентте 10 мың жан, екі уездегі олардың бәрі 70 мың жан болды деп тұжырымдайды. Ошақтылар Талас өзенінің төменгі ағысында екі жағаны қоныстанды. Бұл тұрғындар көпшілігінің қыстауы Әулиеата уезінде де, шамалы бөлігі Шымкент уезінің жерінде орналасқан.

Талас өзені Шымкент уезіне мүлде жетпеді, бірақ онда басқа өзендер бар болатын. Ошақтылар да өз қандастары сияңты отырықшы және жарты лай отырықшы өмір кешті. Отырықшылар деп жылдың төрт маусымында да Талас өзенінің алқабында қалып, суармалы егін шаруашылығымен айналысқан жатақтарды атайтын. Ал, көшпелі тұрғындар, оның ішінде малы коп байлар Мойынқұм құмын қыстап, киіз үйде тұрып, сексеуілден қора-қопсы жасап, таластағылар жертөле қазып, шошала тұрғызып, қамыс пен сексеуілден ашық немесе жабық мал тұратын шарбақтар құрады.

Малға арнайы азық дайындалған жоқ, көктеу мен күздеу қысқы жайылымнан алыс емес бөлатын, ал жайлау Қаратау қойнауында еді. Төрт түлік мал түгел сай болып, өрісте жататын. Көшіқонда түйеге жүк артатын, жылқы мен өгіз де пайдаланылатын.

Скачать статью