Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

Поиск работы- хедхантер.

О роде Сарыусын, Сарыүйсін шежіресі

Халық жадында сақталып, атаданбалаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Ал ғылыми деректерге сүйенсек, Қойшығара Салғариннің "Династии ханов" деген еңбегінде Сарыүйсіндердің Түргеш хандығын қүрғандығы айтылады. Осы деректі "Таң патшалығының жаңа тарихы" атты кітаптағы деректер де қолдайды. Десек те шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғүмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVIIғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар.

Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлекбөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлекбөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысылтаянда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген.

Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бірбірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыраяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында тамтумдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес.
Бүл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жүртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүзжүзге бөлініп, ырыңдырыңға кіргенін Үлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XIIXIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз үл көрген делінеді. Сол тоғыз үл ержетіп, дүшпанына жүмылған жүдырықтай уйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдершен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малый айдап, жөңкілтіп жүріп береді.

Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз үл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) оздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған үлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір үл көреді. Туғаннан аяққолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сапсары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыилық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен.

Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпебет қан майданда жекпежекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапатармағай елдің барлығы араласқан қоянқолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бүны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты үмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиынтойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды быртбырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, түрып алыпты.

О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын қүрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан енкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға кешіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріи төңкеріп түсіпті. Әнеміне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті.

Қолпаштаушылар оны тілкөзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлелсымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кезкелген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кейкейде қисынға симайтын бүрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақүлдатқан, Әлкей Марғүлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Тургештер хандығы жайлы мағлүматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік қүрған Тургеш қағанатының қүрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Тургеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Тургештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз).

Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген тургештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы занды қүбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түптүкияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы үрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жержерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бүтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс.

Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Куйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал Куйылдырдың балалары Кырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бүдан 1012 ғасыр бүрын өмір сүрген айтулы жүрттың үрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіпкөбейш барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секідді біздің заманымыздан бүрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап, бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін қүрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірліжарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды.

Сондай әтнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осыны" нәтижесінде казаққырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Үлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бүрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алар өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Қүрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Турды сияқты батырлар шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Үраны Байтоқты, таңбасы Абақ.

Майдан Мырзахметұлы