Войти
Ru

О роде Шымыр, ШЫМЫР Ұраны «Шымыр», «Қойгелді»

Шымыр Дулат руының ңұрамындағы төрт атаның бірі (№ Зә-қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша шымыр үш атаға бөлінеді: 1. Бекболат, 2. Шынқожа, 3. Темірболат. Бұл үшеуінің ішінде бес баласы бар Бекболат атасы сан жағынан көп, олар Жиенбай, Толмәмбет (Боққайнат), Жиенбет, Шілмәмбет және Бестерек (кірме) болып тарайды. Жиенбайдан екі ұл бар: Жаңабай мен БІажыт; Жаңабайдан бес ұл: Шоқан, Күлтемір, Айтқұл, Шөже мен Сырлы; Шоқаннан Шотқұл, одан Қонысбай, Көтеп, Бөлек. Қонысбайдан Мәмбет, одан Байзаң датңа (Кенесары Қасымовтың ңолдаушысы), одан Қалыбек, одан Тілеуқұл (М. Тынышбаевқа мағлұмат беруші, 1925 жылы 45 жаста еді).
Шажыттан үш ұл туады: Байқан, Бектеміс, Сәмбет. Кейінгіден төрт ұл: Нұрмағамбет, Досмағамбет, Жалмағамбет пен Ермағамбет.

ұрмағамбетті ел жұрты Нұрбай би деп те атап кетеді. Одан Мөңке мен Дәуітәлі би енші алады. Жиенбет үш ұл көреді: Алдаберді, Сьгдықбай, Күнту. Шілмәмбеттен үш ұл: Қырғызәлі, Құли, Ноғай. Қырғызәліден үшеу: Тәңірқұл (Салық), Құдайқұл, Андақұл. Кейінгіден Жаулыбай, Тәттібай мен Қожымбай. Шынқожаның ата тегін таратсақ, Шынқожа атаулы екіге бөлінеді: Қобыланды мен Көкірек (кірме, Ботбай ішінде болғандықтан, біз оны қайталамаймыз).

Қобыландыдан төрт ұл бар: Шоқай, Мырсалы, Қонаңбай, Қырғызәлі. Соңғыдан Шақан, одан бес ұл: Таңатар, Жақсылың, Балық, Байымбет, Қаратеке. Байымбеттен Сарт, Сарттан Қойгелді батыр (ол Мәмбетпен бірге Шымыр руының ташкенттіктермен соғысында 1798 жылы қол бастаған). Қойгелді батырдан төрт ұл: Тоғанбай би, Ақмырза, Жолмырза, Сарымырза.

Соңғысынан Жетібай, одан Білтелі би, одан Бұралқы би, оданКерімбай (1922 жылы дүние салды). Мырсалымнан Сатыбай, одан Байтана. Темір руын деректердің жетімсіздігінен таратудың реті келмеді.

Олар туралы мәлімет жоқтың қасы. Шымыр руының бүкіл Дулаттарға ортақ «Бақтиярдан» басқа, өзінің «Шьимыр» және «Қойгелді» деген жауынгерлік ұраны бар. Шымыр үлкен ата болса, Қойгелді XVIII ғасырда өмір сүрген атақты батыр. Шымырдың таңбасы сәл өзгертілген Дулаттардың белгісіидей (Гродеков бойынша), ( ) (Тынышбаев бойынша), және (Аманжолов бойынша). Шын мәнінде бұлар бір-біріне өте ұқсас.

Скачать статью