Войти
Ru

Практическое применение данных по сайту Единое Шежире Казахов

Инструкция для сайта Шежире

Единое Шежире www.elim.kz | Доклад Халидуллина Олега

Серия книг Шежире | ЕДИНОЕ ШЕЖИРЕ – это самая большая генеалогия в мире

О шежире

Сдай анализ днк, узнай генеалогию | Генетический подарок потомкам

Страсти вокруг шежире

Генеалогия | греческое genealogia — родословие

Родология

Человек живет, пока его помнят!

BIZDIN CHETEL QAZAQTARGA

Ходжи в генеалогической системе казахского народа

Стих нашего Мурата Увалиева о Шежире

Опубликовано в газете "50х50"

История всегда пишется победителями

Мурат Увалиев // Посторонись, Мухаммед

Проект возрождения старинного обычая казахов - создание Единого Шежире

Джандарбек СУЛЕЙМЕНОВ, Имматрикуляция Нурболата Масанова

Тельман МЕДЕУ-УЛЫ Треугольное государство

Каждый казах обязан знать своих предков вплоть до седьмого колена | ЮЖНАЯ СТОЛИЦА Газета Время

Тюркский язык возник в 1 тысячелетии до нашей эры

Генеалогия казахов | сайт для казахов и тех, кто интересуется их историей

Казахстан и Мировая история | Национальная идея

Рецензия по книге Аргыны

Комментарий к книге «Аргыны». Алдан Аимбетов.

Идущий испокон века народный опыт никогда не бывает бесполезным

Сообщение участников форума

История возникновения сайта

По сайту Рустама Абдуманапова

Шежере не есть явление, присущее только башкирам

О роде Сикым, СИҚЫМ Ұраны «Сиқым», «Рысбек»

Сиқым Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3 қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Сиқым негізінен он атаға бөлінеді: Борас (Қарақойлы), Тоғатай, Шуылдақ (Байсейіт), Буас, Құлсейіт (Қусирақ), Ақылбек, Құттыбай, Есбол (Аққойлы), Есенгелді (Аққойлы мен Қарақойлы). Түрікмендер ішінде де Аққойлы, Қарақойлылар бар. Олар XIVXV ғасырда Азербайжан мен АрменияДа билікке таласты. М. Тынышбаевтың ескертуінше, оларды да Дулаттан шыққан деп шамалауға болады. Ел аузында Борас, Тоғатай мен Буасты Байсейіт атымен атайды. Байсейіттің шын есімі Шуылдақ. Есбол мен Есенгелдінің ұрпақтарын жай ғана «Естілер» атандырған.

Бәлкім, олар бір-біріне рухани жақын болған соң басқа аталастары мен көршілер солай жақауратын атаған шығар. Сиқым руының жоғарыда аталған аталарының тегі туралы толық мағлұмат жоқ. Соыдықтан қолдағы бар деректерге сүйеніп, таратып отырмыз. Сөйтіп, халықта Қарақойлы аталатын Борас негізінен бес үрім-бұтаққа бөлінеді: Қораз, Рүстем, Әжі, Наурызбай мен Томай. Бұл буыннан әрі қарай жіктеуге деректер жеткіліксіз. Буас атасы бес бұтақтан тұрады: Боса, Борық, Құл, Есторы мен Қызылқармыс. Боса Құдайберді мен Алакүшікке бөлінеді.

Құдайбердіден Жарымбет, Сайкөк және Сары тарайды. Есторының екі ұлы бар: Тойшы мен Тілеуқабыл, Тойшыдан Қараби, ал одан Сүйіндік пен Аталық. Тілеуқабылдан үлкен үрімбұтақтың атасы болып есептелетін төрт ұл өсіп жетілді: Жаушы, Таңат, Көске, Қосмұрат. Ал, Көскедеи Есті мен Шотке. Естіден Қарабатыр, одан Шенет батыр; Шенет батырдан Тұрыс би мен Рысбек батыр.

Тұрыс бидөн Батырбек датқа, одан Тастамбек, Қожай мен Иса; Тастанбектен Белқожа (М. Тынышбаевпен кездескенде 1925 жылы 50 жаста екен). Қосмұраттан Шахмұрат, одан Қараби, одан Мәлік би, одан Асыл би, одан Әлжібек датқа, одан Байсейіт. Ақылбек үш ата: Ағабек, Мырзабек және Атайысқа бөлінеді. Құттыбай тармағынан Бағлан өрбиді. Есболдың (Аққойлы) екі ұлы бар Омар мен Сатыбалды. Омардан Қаржау мен Қайқы. Сатыбалдыдан екі ұл: Елтүзер мен Бөрі. Елтүзерден Рысбай мен Құттыбай. Бөріден Елке мен Естембай. Ал, Есенгелдіден (Ақңойлы) төрт ата: Үлебай, Сырлыбай, Төле мен Болат бөлініп шығады.

Сонымен, Сиқымға кіретін 10 атаның тек алтауының тегін түгел болмаса да таратып, төртеуіне мәліметтер жетіспегендіктен, тоқталғанымыз жоқ. Соған ңарамастан, келтірілген мағлұматтар Дулат руының Сиқым атасы туралы неғұрлым анық деректер береді. Сиқым руының жауынгерлік ұраны «Сиқым» (Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов) және «Рысбек» (Н. Аристов, М. Тынышбаев бойынша). Рысбек XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі батыр. Сиқымдардың рулық таңбасы - бұл алғашңыда Н. Гродековтың еңбегінде көрсетіліп, кейіннен Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов пен В. Востров оз жұмыстарында содан алып пайдаланады. Үшінші таңбаны жалпы Дулаттың белгісі О түрі деп есептеп, ал алғашқы екі таңба сиқымдардың құрамына енген кірме басқа бір аталардың еншісі деуге әбден болады.

Скачать статью