Войти

Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

Годы жизни: 4/10/1987 — ...


Алмаз Әмірбекұлы МЫРЗАХМЕТ — 1987 жылы 4 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарынши ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қарынши орта мектебі табалдырығын аттап, 1999 жылы Қарағанды қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №7 мамандандырылған мектеп-интернаты қазақ тілін тереңдетіп оқытатын сыныпқа ауысып келді. 2005 жылы Қарағанды Мемлекеттік гуманитарлық колледжінде оқуға түсті. Колледж қабырғасында оқып жүргенде Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы жанынан «Жыр Жауһар» поэзия клубын құрып, бірнеше жыл төрағалық еткен. 2008-2011 жылдары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Психология» мамандығы бойынша білім алып, 2011 жылы аталмыш оқу орнында «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистратурасына оқуға түсіп, 2013 жылы «Қазіргі қазақ прозасындағы тұлға концепциясы(2000-2010)» атты диссертация қорғады. 2011 жылдан бері «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналында жауапты хатшы қызметін атқарып келеді. Алмаз Әмірбекұлы XIV «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде «үздік әдеби шығарма» (проза) номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, лауреаты атанды. Сонымен қатар, дәстүрлі Ғабиден Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауының Бас жүлдегері. Республикалық «Атамекен», «Махамбет оқулары», «Қайрат рухы» байқауларының жеңімпазы. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Аңсар – 2015» әдеби байқауында «Жылдың үздік жас жазушысы» боп танылды. Қарағанды облысы әкімі сыйлығының иегері, қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы дәстүрлі жүлденің "Жылдың үздік жазушысы" (2016) сыйлығымен марапатталған. Республикалық "Ауылым - алтын тұғырым", "Ұлт болмысы" байқауларының (2016) лауреаты. Мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Ханшайым» әңгімелер жинағы жарық көрген. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Біздің ғасыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш аясында «Біздің ғасыр» атты аудио-жинақ пен «Ханшайым» кітабының тұсауы кесіл