Годы жизни: 1611 — 1668
Қазақ рулар тарихы қашан да барша қазақтың назарын бірден өзіне аударады. Тағдыр тауқыметі, қуанышы мен қайғысы бір-біріне өте жақын процесс. Би, ақын, жыршы — бәрі елге ортақ. Ата шежіреде Қабақ бабамыздың Тілеумен бірге Айт мырзадан туғаны, барша қазаққа белгілі Шекті руынан тарағаны жазылады. Шекті руы қазақтары өз заманында Әбілқайыр хан арқа сүйеген рулардың бірі болды. Мұрағатта сақталған 1760-жылдардағы патша үкіметінің шекті руы қазақтары жөніндегі көзқарасы көңіл аударарлық. Онда былай делінген: 1748 жылы А.Тевкелев Орск бекінісінде Әбілқайыр ханмен кездесуінде Азия керуендерінің қауіпсіз жүруі үшін қазақтардың мықты руларының старшындары мен старшын араларынан жылына төрт адам, әсіресе шекті руынан алуға келіскен. Орынборға тонауға ұшырамай келген керуендер болса, бұл тек шектілердің қорғауымен келгендер. Хиуалықтар мен бұқаралық көпестер өздерін қорғауға шектілерді жалдайды. Орынбордағы бұл көзқарас біраз нәрсені аша түседі деп ойлаймын, — дейді баяндамашы Ә.Мұқтар Қабақ бабаның шыққан тегі туралы тереңірек әңгімелеп.
«Ақтөбе» энциклопедиясына сүйенсек, Қабақ Айтұлы — Ноғай Ордасының (шамамен 1611-1689 жж. қазіргі Өзбекстан Шыршық өзені, Аққайран деген жер) билеушісі Мұсаханның ұрпағы. Ел ұйытқысы болған би. Есімі руға шыққан Сайрам соғысының (1611-1684 жж.) қаһарманы Тілеу Айтұлының туған ағасы. Ағайынды екеуіне қатысты «Тілеу-Қабақ» деген ән бар.
Одан соң «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталымен алдын ала жүргізген сұхбаты үлкен экраннан көрсетілді. Сұхбат барысында ол тарихи тұлға Қабақ Айтұлының қайраткерлігін қазіргі қоғаммен байланыстыра отыра әңгімелеп берді. Ал «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры Шәмшәдин Керім Шалқар өңірі мысалында «Дін мен дәстүр» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама соңы жарыссөзге ұласты. Мұнда өңірге белгілі азаматтар Сматулла Беркімбаев, Зәкіратдин Байдосов, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжановтар сөз сөйлеп, Қабақ баба секілді тар
Автор: Серикбай Мынбай