Войти

Қалу Сейт-Ахметұлы

Годы жизни: 1500 — 1500


«Жаманақтың үлкен ұлы Шыңғыс жылқы қайырып жүріп, өлім халінде талықсып жатқан балаң жігіттің үстінен шығады. Аузына су тамызып, есін жиғызып, аулына алып келеді. Шыңғыс бала тауып алғанын хабарлап, оны сүтке шомылдырып, асықты жілік ұстатып, өзіне бала қылып, жеке үй тігіпті. Балаң жігіт өзінің аты-жөнін, шыққан тегін айтпапты да, араларында «Мәку» атала бастапты. Оған Зеріп атты ақылды қыз алып береді, бірақ көп ұзамай жігіт дертке ұшырап, қатты науқастанады. Жігіт ауру меңдей бастаған соң, өлерін біліп, Шыңғысқа бар шындығын айтады. Өзінің атының Қалу екенін жасырмайды. Әкесінің аты – Сирақ екен. Сирақтың әкесі атақты ноғайлының Мұса ханы екен. Оның бәйбішесінен, Сирақтан басқа Орақ, Мамай, Алшағыр туған. Тоқалдан Мұса ханның жеті баласы болады, үлкені – Ысмайыл екен. Мұса хан өліп, Орақ хан болып тұрғанда, Ысмайыл бастаған жақтастар Орақты айламен өлтіреді. Ысмайыл хан болу үшін енді Орақтың ұлдары Қарасай, Қазидан құтылудың жолын ойлайды. Сөйтіп жүргенде алыс жұртта ілім іздеп, оқудан қайтып келе жатқан Орақтың үшінші ұлы Айдынділмаш елге жақындағанда, жас Қалуды ертіп, Ысмайыл алдынан шығады. Жол үстінде Айдынділмаштың садағын алдап түсіріп, оны Қалуға беріп, өлтіртеді. Енді Қалуды өлтіру үшін Қырымнан жаугершіліктен қайтқан Қарасай, Қазиға хабар жібереді. Қалу өзінің алдауға түскенін біліп және кінәсін түсініп, басының ауған жағына кете барады. Ол кезде ноғайлы елімен Кіші жүздің елі қатар жатқан қоңсылас жұрттар. Міне, осы Қалуды Шыңғыс тауып алған. Өз басынан кешкенді айтып берген Қалу өлім алдында жатып, әйелінің жүкті екенін, ұл туса атын Бөлек деп қоюды аманат етеді. Сөйтіп Қалу Зеріпке үйленгеннен кейін алты айдан соң қайтыс болады. Зеріп босанғаннан кейін баланың атын Бөлек қояды, өзіне тең көріп, Жаманақтың бір ұрпағы деп қабылдайды»
Автор: Серикбай Минбаев