Войти

Мухамбетов Куангали

Годы жизни: 03/09/1954 — 28/01/2019


Мұхамбетов Қуанғали Мұхамбетұлы 1954 жылдың қыркүйек айының үшінші жұлдызында Өрлік ауылдық округінде дүниеге келді. 1961 жылы бірінші сыныпқа қабылданып, 1971 жылы Махамбет орта мектебін жақсы аяқтаған. Зерек әрі еңбекқор Қуанғали төменгі Жайық суландыру мекемесінен қарапайым жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1972 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, Кавказ әскери округіне қарасты Азербайжан Республикасы Нахичабанда автомобиль батальеонында қызмет етті. Әскери борышын абыроймен өтеп келгеннен кейін 1974-1975 жылдары ПМК-904 мекемесінде құрылысшы болып қызмет етті. 1975-1978 жылдары Ақтөбе құрылыс техникумында білім алды. Еңбек еткен 1978-1981 жылдарында ПМК-904 мекемесінде мастер, прораб, 1981-1983 ж. «Сельхозхимия» - мастер, 1983-1989 жылдары аудандық атқару комитеті – құрылыс бөлімінің инженері, 1989-1992 жылдары облыстық архитектураға қарасты архитектуралық-жоспарлау бюросы тобының басшысы, 1992-1996 жылдары «Әсем» шағын мекемесінің директоры, 1996-1998 жылдары Махамбет ауданы Әкімі тұрғын үй құрылысы және архитектура бөлімінің Бас маманы, 1998-2004 жылдары «Атырау облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» аудандық филиалының басшысы, маманы, 2005 жылдан зейнеркерлікке шыққанға дейін аудандық «Жер кадастрлық» бөлімінің маманы болып қызмет атқарды. Еңбек ете жүріп заман талабына Алматы бағалау институнда білім алды. Қуекеңнің ауыл, аудан, облысымыздың құрылыс-сәулет саласына қосқан үлесі орасан зор. 1981 жылы өмірлік жары Мария Дүйсенқызымен жанұя құрып, Жасұлан, Альбина есімді ұл-қыз өсіріп-өндіріп, тәрбиеледі. Келін түсіріп, жапырағы жайылып, немерелерінің қызығын енді қызықтап, еткен ерен еңбегінің зейнетін көрер сәттінде сұм ажал ортамыздан алып кетті.
Автор: Жасулан Мухамбетов