Войти

Қалмағамбетов Жұмажан Кенесарыұлы

Годы жизни: 28/06/1957 — ...


1957 жылы Атырау облысы, Еркінқала селосында дүниеге келген. 1973 жылы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосында орта мектепті бітірген. 1973-1978 жылдары Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген. 1978 жылдан бері Гурьев, Маңғыстау, "Эмбанефтегеофизика" тресінде, "Қазақстанкаспийшельф" АҚ геофизикалық экспедицияларында, бас геофизик, есептеу орталығының бастығы, "Қазмұнайтеңіз", "Қазмұнайгаз" АҚ-дарында бас сарапшы, бас менеджер, "Құрманғазы Петролеум" ЖШС геофизика менеджері қызметтерін атқарып келді. Қазір Алматы қаласында "АкАй Консалтинг" ЖШС бас геофизик болып жұмыс істейді. Қазақстан мұнай-газ саласында сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталған.