Годы жизни: 03.08.1941 — 28.10.2009
Ұстаз, ақын
1941 жылы 3 тамызда Ақтөбе обылысы, Темір ауданы, Тасбұлақ ауылсоветі, «Аша-кенау» колхозында дүниеге келген.
1959 жылы Темір ауданы Шұбарқұдық поселкесіндегі №454 теміржол орта мектебін бітірген.
1959 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, 1964 жылы осы оқу орнының тарих, қазақ тілі және әдебиет факультетін үздік дипломмен бітірген.
1965 – 1982 жылдар арасында Темір қаласындағы қазақ орта мектебінде мұғалім, директор орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
1982 жылы Темір қалалық Советінің төреағасы болып сайланған.
1983 жылы аудан орталығы Шұбарқұдық поселкелік Советінің төреағасы болып сайланған.
1993 жылы Темір ауданы Шұбарқұдық поселкесінің әкімі болып тағайындалған.
1997 жылы Темір ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
2001 жылы Темір ауданы Шұбарқұдық поселкесінің әкімі болып тағайындалған.
2005 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Облыс, аудан көлемінде көптеген құрмет грамоталармен марапатталған. Екі рет Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
1976 жылы Қазақстан республикасы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
1980 жылы СССР «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Алпысыншы жылдардан бастап әдебиетпен тығыз айналысқан. Республикалық газет-журналдар «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Жұлдыз», «Жалын», «Пионер» беттерінде, Облыстық, аудандық баспасөз беттерінде өлеңдері, поэмалары, көркем очеріктері жиі жарияланып тұрған. Бірнеше рет Қазақстан жазушылар одағының съездеріне, жас ақын-жазушылар конференциаларына қатысқан. «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» атты республикалық конференцияға қатысқан.
Ұлы Абайдың туғанына 125 жыл толуына арналған республикалық конференцияға қатысқан
«Жас керуен»(1969ж), «Хат»(1978ж), «Арман жолдар»(1986ж) атты өлең жинақтары республикалық «Жалын», «Жазушы» баспаларынан жарық көрген. 2010 жылы «Өмір Дәурен» атты
Автор: Нурлан Оспагамбетов