Войти

Əлжан (Əлиакпар) Қарабаев

Годы жизни: 01.01.1874 — 01.01.1960


Орынбор облысының Торғай уезінің 20-шы ауылында, Жыланшық өзенінің (қазіргі Аманкелді ауданы) бойында туып -өсіп, 1960 ж. қайтыс болған. 1916-1917 жж.Торғай өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліске қатысып мың басы болған. Азан шақырып қойған шын аты -Əлиакпар. Аштық жылдары отбасымен Ташкент жаққа барып күн көрген. Екі əйелі болған. Кеңстік дəуірде белсенді қызметкер болғандықтан, ол туралы əртүрлі пікір айтатындар бар. Алайда ұлт-азаттық көтеріліс қаһармандарының бірі болғаны ақиқат. Кейін 1918-1920 жж. Қайдауыл болыстық кеңсінің төрағасы болып сайланфп, Торғай кеңстерінің 1-съездіне делегат болып қатысып, ел басқарған азамат. Ол кезде Қайдауылда 2730 шаңырақтың болғаны жөнінде тарихи дерек бар. Атасы Тілеулі батырға тартқан шебер найзагер, шоқпармен ұрып түсірудің мықтысы болған. Кең иықты, қақпақтай жауырынды, дембелше келген толық кісі. Сөйлегенде дауысы саңқ-саңқ етіп шығатын көрінеді.
Автор: Ерлан Ерлан