Войти

Дәулетей Құлеке Тәйірбердіұлы

Годы жизни: 1710 — 1771


Құлеке батыр немесе Құлеке Тәңірбердіұлы (1710-1771, Иманбұрлық - Аютас аралығы) — батыр, тарихи тұлға, заманының көрнекті мемлекет қайраткері. Абылай ханның сенімді серігі, оң қолы болған. Елшілік қызмет те атқарған. Тарихи құжаттарда Құлеке есімі алғаш рет 1742 ж. тамыз айында кездеседі. Сол жылғы 23-30 тамыз күндері Орынбор қаласында арнайы комиссияның бастығы, құпия кеңесші-сенатор И.И.Неплюевтің алдында орыс патшайымы адалдығы туралы қазақтың бір топ батырлары мен билері ант берген. Осылардың арасында Құлеке батыр да 28 тамыз күні 35-ші болып ант беріпті. Бұл туралы «Русско-казахские отношения в ХVI-XVIII веках» деген құжатта №96-шы номермен сақталған. 1961 жылы Алматыда кітап болып басылған. Бұдан кейінгі жылдары Құлеке батыр орыс үкіметімен жақсы қатынастарда болады. Осы 1755 жылы қазақтар Ертістің шығыс бетіне өтіп , қонып жүргенін сол кездегі заңдардан көреміз. Сол жылы Керекуден төмен һәм Семейден жоғары (24 шілдедегі №209 патша жарлығында ) қазақ Ертіс өтіп, әл бермеген соң, шепте әскерлерді молайту керек дейді. Сол жылғы патшаның тағы бір жарлығында Ертіс өтіп, қоныс алып жүрген Құлеке батыр атты казактармен соғысып, шығыс бетінде әлденеше қазақ түтіні қоныс қылып, кетпегендігі айтылады. Өйткені Абылайдың пәрмені соны талап етті. Абылай хан атынан бірнеше рет елшілікке барады. Көптеген құжаттарда Құлеке батырмен қатар Құлсары батыр, әулиенің есімі жиі аталады. Соған қарағанда Құлсары батыр да беделді, тарихи тұлға.
Автор: Елжан Кошанов