Войти

Кульжанов Айтмухан Смагулович

Годы жизни: 1925 — 2009


Құлжанов Айтмуқан Смағұлұлы (Кульжанов Айтмухан Смагулович / Kulzhanov Aitmukhan SmaghulUly) 1925 жылы 10-ші тамызда дүниеге келген. Туған жері – Көкшетау облысы, КызылТу ауданы, Херсонский совхоз жаныңда Кирово (Курлеут) ауылы. (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданы, Курлеут). Кульжанов Айтмухан Смагулович – Ұлы Отан соғыс ардагері (1941-1945). Ленинград майданындағы 210 Любанская дивизиясында, 1066 атқыштар полкінда және 91 атқыштар полкінда, 379 атқыштар полкінда болды.1944 жылы үшінші шабуыл ротасында қатардағы жауынгер Кульжанов Айтмухан ауыр шайқаста оққа ұшып, жараланды да Ленинград қаласынын Мир көшесіндегі госпитальға түсті. Кейін аман-есен елге оралғанда, ол кісі, көп жылдар еңбек етті, бейбіт өмірдің куәгері ретінде, талай медальдар алды. 2009 жылы 29 сәуірде қайтыс болды. Қарашілік ауылында жерленген. (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданы, Қарашілік).