Войти

Қосы Сәмбетұлы

Годы жизни: 1670 — 1760


Қосы Батыр Сәмбетұлы (1670, Байзақ ауданының Талас өзенінің бойында, Түймекент аулының маңында – 1760, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Мойынқұмға шектес Әбілқайыр-Сұмқайтты аталатын өңіріндегі қорымға жерленген) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһармандарының бірі. Он бес жасында жоңғар қалмақтарымен шайқасқа араласқан. Жиырма бес жасында елге кеңінен танылып «ақ сауытты, алмас қылышты хас батыр-Қосы батыр» атанған. Аңырақай шайқасына шымыр Қойгелді батыр бастап барған қолдың мыңбасысы болған. Жарты ғасыр жаумен жағаласқан Қосы батыр Ұлы жүздің биі – Төле бидің сенімді серіктерінің бірі болғаны жайлы дерек мол. Қосы батыр қалмақтардың тұтқынына түсіп қалғанда оны босатуды сұрап Төле би албан Хангелді батырды елшілікке жіберген. Ел аузында Төле бидің: Хоңтайшылар қонтиып, Қоқаңдай берме Қосыға. Қоқаңдай берсең Қосыға, Ағады қаның жосыла! Өлімнен Қосы қорықпайды, Бар құқайың осы ма?.. – дегені сақталып, беріге жеткен. Қосы батыр жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер, елші болып та халқына көп қызмет еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр мен Төле бидің тапсырмасымен кең байтақ қазақ өлкесінің талай түкпірін шарлаған. Бір деректе 1741 ж. Атырау жаққа, Кіші жүз еліне барып, қару-жарақ пен көмекке жасақ алып келгені жайлы айтылады. Қосы батыр ұрпақтары, негізінен, облыстың Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарында, сондай-ақ, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұрады.
Автор: Абылайхан Салық