Войти

Сары Сейт Ахметулы


Сары Едігенің ұрпағы. Едігенің шөбересі Мұса бидің бәйбішесінің балалары (Жүсіп партиясы) мен тоқал балалары (Ысмайыл партиясы) таққа таласу кезінде, Сейдақтың балалары Қалу мен Сары Ысмайылдың арандатушылығына түсіп, байқамай өзінің туысын өлтіріп елінен қашып кетеді. Қалу Әлім Шыңғысқа тап болып сол елде қалады. Сары Табын Қайырқожаға (кейбір шежірелерде Асанға) кезігіп, өзінің қайдан келгенін, атын жасырып, менің атым Сарай кәсіп іздеп жүрмін деп айтады. Қайырқожа оны бас жылқышысы етіп қойады. Қайырқожаның қызы Қарақыз оның отырысына, тұрысына қарап (таза жүруі, өзін-өзі ұстауы, мінезі) қарапайым адам емес екендігін біліп ұнатып жүреді. Сары жылқаларды бағып жүргенде Қайырқожа жылқыларын тексеруге балаларын жібереді. Қарақыз әкесінен рұқсат сұрап, ағаларымен бірге шығады. Қарақыз Сарыдан сен тегін адам емессің шыныңды айтшы қай жерден келдің дейді. Сары оңашада айтамын деп кейінге қалдырады. Бір күні оңашада Сары өзінің тығып қойған сауыт-сайманын көрсетіп, өзінің басынан өткен оқиғаларын айтып, ешкімге тіс жармауын сұрайды. Кейін қысқаша айтқанда Сары мен Қарақыз үйленіп, еншісіне қара қой алып, ол қойлары көбейіп Қарақойлы атанады. Шежіре бойынша Сарыдан Қайыпберген. Қайыпбергеннен Қоңыр, Ақжол (ұрпақ жоқ), Бекжол. Бекжолдан Құтет, Сойылқамыс, Жарылқамыс. Сойылқамыстан Екібас, Жолый. Жарылқамыстан Лабақ, Бақи (ұрпақ жоқ). Лабақтың тоғызыншы баласы Отарбай. Отарбайдан Сатыбалды. Сатыбалдыдан Барақ батыр (1743 ж.т.). Барақ батырдан Асау батыр (Қабақ Көтібар батырмен дос болған), Асау батырдан Дәуіт батыр (Көтібарұлы Есет батырмен дос болған). 
Автор: Серикбай Мынбай