Войти

Бекболат Казыбекулы

Годы жизни: 1714 — 1799


Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790) - би, атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Шаншар бөлімінен шыққан[1]. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.[2] Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған. Әкесі қартайған шағында Бекболатқа билік тізгінін берген. Ол әкесінің билік, шешендік дәстүрін жалғастырып, елге өзінің адалдығымен, адамдығымен бар ықылас-зейінімен қызмет еткен. Бекболат та әкесіне ұқсап өсіп-өнген, өнегелі-тәрбиелі дөстүрлі отбасы құрған, ақылшы аға болған азамат. Оның бәйбішесінен тоғыз ұл, тоқалынан бір ұл (Тіленші) бір қыз туған. Бәрі де шетінен ығай мен сығай, шаруаға мықты, сөзге шебер, ісмер боп өскен
Автор: Серик Жакупов