Войти

Жумалиев Куангали Каштеевич

Годы жизни: 27/12/1936 — 02/1998


Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітіргеннен кейін, мұғалім болып еңбек жолын бастаған. 1961-1968 жылдары Абай, Орджоникидзе орта мектептерінің мұғалімі, қалалық оқу бөлімінің аға инспекторы. Облыстық оқу бөлімі жанындағы бастауыш класс мұғалімдер даярлау курсының меңгерушісі, 1968 жылдан 1971 жылға дейін облыстық партия комитеті саяси-ағарту үйінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1971-1974 жылдары №2 мектеп-интернатта мұғалім, №6, №15 орта мектептерде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1974-1984 жылдар аралығында облыстық ішкі істер басқармасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінде жауапты қызметтерде болған. 1984-1985 жылдары облыстық "Білім" қоғамының аға референті, 1985-1993 жылдары "Кітап" қоғамы басқармасының бастығы, 1993 жылдың қазан айынан өмірінің соңғы күніне дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып жемісті еңбек еткен. "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", белгілі өнер зерттеушісі Қуанғали Жұмалиев еңбек ете жүріп, тек қазақ өнерінің дамуына ғана емес, өлке тарихын зерттеуге де өзіндік үлесін қосқан азамат.
Автор: Samat Zhumaliyev