Войти

Марғұланұлы Әлкей

Годы жизни: 08/03/1990 — ...


08.03.1990 - Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996-2007 жылдары Қарағанды қаласының №92 қазақ гимназиясында оқыды. 2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығын тәмамдады. 2011-2012 жылдары - "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясында креативті продюсер, атқарушы продюсер қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы қызметін, 2013-2014 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, "Отау-Құрылыс" ЖШС Бизнесті дамыту және маркетинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2014-2015 жылдары - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Академиясының "Қауіпсіздік және саясат" магистрлік бағдарламасын тәмамдады. 2015-2017 жылдары - АҚШ Стэнфорд университетінің Ли Ка Шинг орталығының бас ғылыми қызметкері, 2017 - 2018 жылдары - ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорында: Жобалау Офисі жетекшісінің орынбасары, Халықаралық бағдарламалар орталығы жетекшісінің орынбасары, Атқарушы директордың орынбасары қызметтерін атқарып келеді. Германия Федеративтік Республикасының Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы стипендиаты. Халықаралық ғылыми олимпиаданың жеңімпазы (2007 - Грекия, Түркия)
Автор: Алькей Маргуланулы