Қыржыдан Кешу ұлы батыр Арап,
Көкбедеу астындағы қатқан жарап.
Найзаға ілейін деп жетіп келді,
Баланы жеп қоярдай тесе қарап,
Мұндайды әкем Кешу найзаға ілген
Сөккен жұрт сөге берсін естіп білген,
Ағамнан тоғыз бірдей өлі айырылып
Меніңде өзегімді қайғы тілген,
Әкеміз ада болып тоғыз ұлдан,
Тоғыз күн жер бауырлап наза қылған.
Бөрінің бөлтірігін соның үшін,
Шаламын аруақтарға етіп құрбан.
Автор: Нурбол Малдыбаев