Sign in to follow this  
Followers 0
Gabriel

Байулы: Алтын

118 posts in this topic

Поколение: Байулы (Алшын);

 

Историческая земля:

Берег Волги (Еділ бойы) [до начала 19 века];

Западно-Казахстанская обл., район "Жаныбек" [до начала 19 века];

Иргиз (между Иргизом и Торгаем, Центральный Казахстан);

Кызылординская обл. Кармакчинский район, станция Жусалы [c второй половины 19-го века].

 

Тамга: 30px-Kazakh_Tamga_32.svg.png, 30px-Kazakh_Tamga_33.svg.png

 

Уран (клич): "Баркы Шанайды" , "Баймурат";

 

Подразделения: Жапалак, Каскул, Маметек, Айдар, Сыгай, Шунгыр;

 

 

Шежире:

 

Алтын.jpg

Share this post


Link to post
Share on other sites

Жапалак.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Маметек.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Айдар.jpg

 

 

 

 

 

 

 

сыгай.jpg

 

 

 

 

 

Шунгыр.jpg

Share this post


Link to post
Share on other sites

Алтын баба ұрпақтары

 

Сыр бойын мекендейтін он екі ата Байұлы Алтын руының тарихын зерттеу барысында Сыр сүлейлері мен зерттеушілердің еңбектерін жан-жақты қамтып, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерді, рухани маңызы бар тарихи деректерді жинақтап, мұрағат құжаттарын мұқият зерттеп, Сыр өңіріндегі Алтын руының тарихын жазуға кірістім. Сыр бойы мен Арал өңірін негізінен Кіші Жүз рулары мен тайпалары жайлаған. Оның құрамы үш рулық бірлестіктен тұрады: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Олар Сырдарияның төменгі сағасын, Ырғыз бен Торғайдың қосылған жерін, Борсық және Қарақұмды, жазда Оралдың бойын, Тобылдың сағасын, Мұғалжар тауларын қоныстанған.

Қазақ халқында:

 

"Ата салтын ұмытқан,

өшкендіктің белгісі.

Өткендерін еске алған,

өскендіктің белгісі, "- деген мақал бар.

 

Сондай-ақ, кезінде Мысыр мен Сирияны билеген Бейбарыс сұлтан: «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат», - десе, түркілердің ұлы ойшылы Қорқыт ата: «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді»; - деп айтқан еді. Осындай ұлы бабаларымыздың жолын бергей деп, Сыр өңіріндегі Алтын елінің шежірелі тарихынан сыр шертейін. Біздің көне тарихымыз, соның ішінде қазақ халқының ат үстінде жаугершілікпен күн кешіп өткен уақыттары туралы тарихи деректер санаулы. Сол себепті аттары тарихымызда алтын әріппен жазылуға тиісті хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз хақында бүгінгі ұрпақтың білетіні әлі мардымсыз. Сондай тарихи тұлғаның бірі - әрі батыр, әрі қолбасшы, әрі би, әрі ақын Сәлтеке батыр Мәметекұлы. Тегі – Алшын, он екі ата Байұлы, Алтын, Көзала аталығынан. Сәлтеке батыр қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы және Батыс Қазақстан облысының өңірлерінде ХVІІ ғасырдың соңында, ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Батырдың бейіті - Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Орал тауының онтүстік бетіндегі «Сәлтеке асуы» деген жерде [ Бақытжан Ахметбектің дерек қоры]. Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының маңайындағы Ақшеңгел деген жерде Сәлтеке қорымы бар. Бірақ, мұнда батырдың сүйегі болмағанымен, оның ұрпақтары жерленген. Сәлтеке Мәметекұлы рубасы Көзала батырдың немересі болып келеді.

Көзала батырды 1908-1990 жылдар аралығында өмір сүрген Сыр бойының белгілі шежіреші ақыны, Әлімбай Әлиасқаров 1943 жылы жазылған «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде былай дейді:

Сарымнан туған екен Ер Көзала,

Мекені жаугершілік болған дала.

Мәметек, Ораз туған ол кісіден,

Халқына болды ақылды қорған пана

[ Ә. Әлиасқаров. Қазақ шежіресі. Қызылорда: Тұмар, 2003, -108 б].

 

Сәлтекенің Есеке есімді батыр ағасы, Байкелді және Ұста атанған інілері болған. Сәлтеке - Сыр бойының киелі батыры, батырлығымен қоса ел басқарған тұлға. Ол қазақ құба қалмақ, қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт соғыстарында орасан ерлік көрсеткен. Сәлтеке батыр табыннан шыққан Сәрке батырмен, шектіден шыққан Киікбай батырмен, кете руының Болат батырымен бірге жорықтас, серік болған.

Сәлтеке батыр туралы Әлімбай Әлиасқаровтың аталмыш еңбегінде:

 

Мәметектен Сәлтеке туған батыр,

Есеке, Байгелдісі тіккен шатыр.

Сәлтекеден Тойғұлы, Құттықадам,

Қосқадам, Жәңке тайпа ел боп жатыр

[ Ә. Әлиасқаров. Қазақ шежіресі.Қызылорда: Тұмар, 2003, -109 б], - делінген.

 

Кезінде батыр қалмақтардың (Астрахан қалмағы) қолында он жылдай тұтқында болады. Ал басқа деректерде екі жыл тұтқында болады. Тұтқында отырған Сәлтекенің батырлық тұлғасына риза болған қалмақ ханы қалмақ қыздарын батырға берген екен, ойы одан тұқым алу болған. Алайда ханның бұл ойына Сәлтеке қарсы болып көнбейді. Бір күні қалмақтардың ту сыртынан жау шауыпты, сонда қалмақтар Сәлтеке батырды пайдаланбақ болып, құрсаудан босатады. Батыр садақты тартса жебесі 4-5 кетпеннен әрі өтпепті. Сонда Сәлтеке: « Атаңа нәлет қалмақ жауырынымның шеміршегін сындырған екенсің» - деген екен. Содан кейін қалмақ емшілері Сәлтеке батырды емдеп, аяққа тұрғызады. Қолайлы бір күні Сәлтеке батыр Қарақұл деген кісімен бірге қашады. Жолай Сәлтеке қалмақтың ханы Шегірді өлтіріп кетеді

[ М. Түйімбетов «Сопылар әлемі» Қызылорда: Тұмар, 2004, - 61,62 б].

 

Бұл оқиғадан Сәлтеке батырдың тағдырдың тәлкегіне мойынсұнбағаны көрініп тұр.

 

Деректерге көз жүгіртсек : «Сәлтеке батыр башқұрт биі Алдарбаймен кездесіп, Еділ бойындағы Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы үлкен мал дауында табандылық көрсетіп, бейбітшілікпен шешуге қол жеткізеді» [З. Қари «Келмембет батыр» Алматы:1998, 239 б].

 

Енді Сәлтеке батырдың жау қолынан қалай қаза болғанын айтайық. Сәлтеке батыр бірнеше күндік жорықтан келе жатып, шаршаған әскерімен түнде бір жерде ұйықтап қалады. Сонда қазақ қолының осы жағдайын пайдаланып қалмақтар ұйықтап жатқан Сәлтеке батырды әскерімен бауыздап кетеді. Қайран есіл ер Сәлтеке батыр жігіттерімен осылай көз жұмады.

Сәлтеке батырды Сыр сүлейлері де жырларына қосқан.

Мысалы, Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов Сәлтеке батырды:

 

Алтыннан шықты ыңырана,

Сәлтеке сынды арыстан

Қалатын еді қан болып,

Шамасын бітпей шіреніп,

Олармен қас боп қарысқан

[М. Байділдаев. М. Мағауин. Бес ғасыр жырлайды. Алматы: Жазушы, 1989, 468 б], - деп жырына қосқан.

 

Сәлтеке батырды Сыр бойының жырауы Шегебай Бектасұлы да:

 

Алтыннан шыққан Сәлтеке,

Садағының алдынан

Өтпеген дұшпан көлденен

[Сырдария кітапханасы.Шегебай жырау шығармалары.Астана:Фолиант, 2009, -139 б], - деп жырлаған.

 

Сыр бойының тағы бір ақыны Оразымбет жырау Есентайлақұлы Сәлтеке батырды:

 

Батырлығын Базеке,

Қоңырдың ұлы Қыстаубай,

Дәуітбай, Қасым, Сәлтеке,

Бұрынғы өткен Тарғындай

[Т. Дайрабай. «Сырдың сырлы сыры» Алматы: Арыс, 2005], – деп баяндаған.

 

Сәлтеке батырдың Тойғұлы, Қосқадам, Құттықадам, Жәңке есімді балалары болған. Батырдың шөберелері Туған би, Барқы батыр, шөпшегі әрі би, әрі батыр Науша батыр Барқыұлы, ұрпақтары Байназар би (1825-1880) Наушаұлы және 1840-1918 жылдар аралығында өмір сүрген әрі ақын әрі би Топжан би Байназарұлы баба жолын қуып, елге қадірменді кісілер болған. Енді Сәлтеке батырдың шөбересі Қобыландыұлы Барқы батыр жайлы толық баяндайық. Барқы батыр – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген.

 

Ресейдің 1803 жылғы дерегінде Барқы батыр ағасы Туған бимен 5000 (бес мың) отбасы құрайтын елімен Троицк пен Бұқара арасында сауда жүргізгені туралы жазылған. Барқы батыр Алтын руының ұранына да айналған .

[Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010].

 

Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлы Барқы батырды былайша бейнелейді:

Оңғардан оншақты ауыз жолданды сөз,

Би Науша, батыр Барқының әулетіне,

Қараның ханы болған атаң Барқы,

Кісі екен абыройлы, қымбат нарқы.

Жасанып жауға шыққан сапарында,

Қайратпен болушы екен, халықтың жарып

[Сыр сүлейлері. Дүр Оңғар. Алматы Арыс, 2004, 57б].

 

Шегебай жырау Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді:

 

Әркімдерге айтса, сөз жарастықты.

Сарыбай Бекіш пен Алтын Топжан

[Сырдария кітапханасы. Шегебай жырау шығармалары.Астана:Фолиант, 2009, -132], - деп жырлаған.

 

Сәлтеке батырдың ұрпағы Науша батырды Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау Дырқайұлы:

 

Батырдан бүтін болып туған Науша,

Әлсізге пана болған асқар тауша.

Жарақпен жабдықтанып жауға аттанса,

Дұшпанның қырқып басын кескен бауша.

Мал түгіл, достан жанын аямаған,

Сарп етіп, сақилыққа кеуілі ауса

[Сыр сүлейлері. Дүр Оңғар. Алматы Арыс, 2004,57б б], - деп мадақтаған.

 

Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді Сыр бойының белгілі ақыны Сарыбай Құлназар шайыр да:

Одан соң, Топжан, Бекіш деп айтыпсың,

Наһанға теңгергендей қалағайды.

Оларда үлгі айтарлық ақыл да бар,

Адамдық әуелден-ақ затында бар

[Сырдария кітапханасы. Шегебай жырау шығармалары.Астана:Фолиант, 2009, - 133], - деп жырына қосқан екен.

 

Сәлтеке батырдың ұрпағынан ХІХ ғасырда атақты Сарыкөбен би Мұсылманұлы 1875-1885 жылдары болыс болған.Сарыкөбен биді Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау:

Алтын да бір жақсы адам – Сарыкөбен,

Қараның ханы болып ел билеген

[Сырдария кітапханасы. Шегебай жырау шығармалары.Астана:Фолиант, 2009, -221 б], - деп жырлайды.

Алтын Сарыкөбен бидің мөрі болған [Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,- 366].

Сары Көбен би 1860 жылы Ресей әкімшілігінен арнайы сыйлық барқыт тақия алған [ Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,- 369 б].

 

Алтынның мәметек аталығынан Тасыр Дайыров деген құрметті кісі шыққан. Бұл кісінің есімі орыс құжаттарында 1851-1853 жылдарда көріне бастаған. Ол 1853-1856 жылдарда Қоскорғандағы бүлікті бейбіт жолмен шешуге араласқан. 1857 жылдың 14 қырқүйегінде генерал-майор Фитенговтың ұсынысымен Алтын руының Мәметек аталығының құрметті қазағы Тасыр Дайыровқа № 2 форттағы базарды және барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны және 1856 жылғы өзіне көмектескені үшін күміс медалі мен Анна лентасына ұсынған. Бұл награданы 1862 жылы алған

[ Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,-66,67, 367].

 

Алтын Тасыр Дайыровтың арнайы мөрі болған [ Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,- 365].

 

Сәлтеке батырдың тағы бір ұрпағы Мәметек Жылкелді 1920-1925 жылдары болыстықты басқарған [Қ.Нақыпұлы. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі. Қызылорда: Қызылордаполиография, 2003, - 265 б].

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сәлтеке батырдың ұрпағы Досжан ауылнай өмір сүрген. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында қайтыс болған. Алтын Досжан ауылнай атында Қармақшы ауданында Досжан түбегі деген жер бар. Қазіргі уақытта Досжан ауылнайдың немересі Сәндібек Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында тұрады [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].

 

Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдын екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы ауданында өмір сүрген Ормахан ұста. Ормахан ұстаның жеке ұсталық дүкені болған. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдары қайтыс болған. Алтын Ормахан ұстадан Ібіраш деген кісі дүниеге келеді.

Рысмахан етікші Бейбітбайұлы ( ? – 1951) Қармақшы ауданында өмір сүрген, ол кісінің Жүсіп, Қира деген балалары болған. Қира Ұлы отан соғысында қаза болған.

Әбен ұста-дермеші Торманұлы Қармақшы ауданында өмір сүрген, ХХ ғасырдың 50-шы жылдары қайтыс болған. Әбен ұста қол дермен, суландыруға арналған құрал шығырды жасаған. Бұл кісінің атымен Қармақшы ауданында Әбен дермені деген жер бар. Әбен ұстаның бейіті Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында. Әбен ұстаның інісінен тарайтын ұрпақ Торманова Нағима Құрманайқызы белгілі ақын, Қармақшы да тұрады.

Сәдуақас ұста Баймаханұлы шеберлігімен аты шыққан кісі. Сәдуақас ұстадан Мүсілім, Қанибек, Кәжданбек деген балалары дүниеге келген.

Сәлтеке батырдың үрпақтарының ішінде ислам жолын берік ұстап, халыққа насихаттап жүрген жандардың бірі Ержан молда болған. Ержан молда мешіт ұстаған кісі, 1937 жылы халық жауы болып ұсталады.

Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан ХХ ғасырдаың бірінші жартысында Қашақұлы Досым байдың елде аты шықты. Досым байдың 10 мың қойы болған екен. Досым байдан Әнафия дүниеге келген.[Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан,Қармақшы ауданы, Иікөл ауылының тұрғыны, Сәлтеке батырдың ұрпағы Ашықбай (Биқожа) ақсақал Махмұтовтан алынған мәлімет].

Сәлтеке батырдың ағасы, Есеке батыр ұрпақтарының арасынан да елге белгілі кісілер шыққан. Солардың бірі Қарамахан бай. Қарамахан Сыр бойының атақты байларының бірі болған. Одан Омар дүниеге келген. Есеке батырдың ұрпағы Алтын Мақан бүкіл қазақ еліне мәшһұр болған [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].

Мақан Жиенбайұлы (1870-1931) – қайраткер. Саудамен аты шығып, байыған. Орынбор, Үргеніш, Троицк, Бештау қалаларында сауда жүргізген, елді отырықшылыққа, мәдениетке ұмтылдырған. Қызылорда қаласында көптеген үйлер салған. 1908 жылы Алтын мен Табын руларының арасында үлкен жанжал туады. Осы жанжал Ақмешіттегі Алтын Мақанның 100 адамдық керуен сарайында шешімін табады. Ол 1928 жылы ірі байларды тәркілеу тізіміне ілініп, Семейге жер аударылады. Осын жүргенде қайтадан байып, түрмеге қамалып, сонда қайтыс болады. Бүгінде Алтын Мақанның салғызған үйлер тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған [ Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005,- 354 б].

1964 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орал өңіріне Сәлтеке батырдың ұрпақтары Дүйсенбай Тайманов (1922-1993), Әбдіхалық Ерекешов (1900-1987) бір топ ағайындарын басқарып құдалыққа барады. Сонда ол жақтағы 12 ата Байұлына жататын Серкеш елінің игі жақсылары, Сыр бойынан келген құдаларын сый-сияпатпен қарсы алады. Әңгіме үстінде Оралдағы құдалар келген кісілердің Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары екенін біліп, Сәлтеке батырдың бейіті Орал тауының онтүстік жағында «Сәлтеке асуы» деген жерде екенін айтып, қаласа Сәлтеке батырдың бейітіне апаратынын айтқан екен. Бірақ, Сыр бойынан келген Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары уақыттың тығыздығынан баралмаған еді [Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны 1937 ж.т. Сәлтеке батырдың ұрпағы Жұмахмет ақсақал Тәжібаевтан алынған мәлімет].

Қазіргі уақытта Сәлтеке батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев та ел абыройын асқақтатуда халқына қызмет жасауда.

Share this post


Link to post
Share on other sites

[Жапалақ]

 

Сәлтеке батырдың ағайындары төрт аталықтан тұрады. Олар Жапалақ, Көзала, Шұңғыр, Қасқұл. Бұл кісілер ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Жапалақтың шың есімі Жармұхамед, Жапалақ аталу себебі былай болған.

Ел жайлаудан қайтар кезде басқа ауылдың балаларымен ойнауға кеткен бір топ бала көштен қалып қойыпты. Бір уақытта жаңбыр жауады. Күн жауып тұрғанда Жармұхамед бұта түбінде отырса керек. Жолмен келе жатқан атты кісіні көрген бала: - «Ата» - деп тұра келгенде астындағы аты үркіп, үстіндегі кісі құлап қала жаздайды. Сонда ол кісі: - «Ой жапалақша жалбандаған неме, бұл қайсысың еді» - деп кейіп қалады. Сонда бала көштен қалып қойғанын айтқан соң, әлгі кісі баланы атқа мінгестіріп, ауылына алып келеді. Әнгіме үстінде: « Жолда мына бір Жапалақты тауып алдым» - дейді. Осыдан кейін Жармұхамед Жапалақ аталып кетеді. Ал ұрпағы Жапалақ елі аталады. Жапалақтың Малай, Өтеп, Өтес, Ырсымбет, Мөңке деген балалары болады. Осы Жапалақтың баласы Малай батыр елін жаудан қорғаумен аты шығады. Еділдің бойында түркімендермен болған бір шайқаста Жапалақұлы Малай батыр ерлікпен қаза тапты. Ал Малай батырдың «Үш дәу» деп аталған ұрпақтары, Қабыланның балалары Баймұрат, Жалмұрат, Қожамұрат ата жолын қуып, батырлықтарымен елге аты шығады. Қазіргі уақытта Малай батырдың ұрпақтары Қызылорда облысының, Қармақшы ауданында тұрып жатыр.

Сыр бойында ХІХ ғасырда Мұрат бақсының есімі кең тараған. Мұрат бақсы Жапалақ Алтын, Өтеп аталығынан шыққан тарихи тұлға. Бір күні Сыр бойында он екі ата Байұлының Алаша, Серкеш рулары жиналып ас береді. Сол асқа Алтын Мұрат бақсыны да шақырады. Ас дарияның арғы бетінде өтіп жатса, дарияның бергі бетінде тұрған Мұрат бақсыны дариядан өтіп асқа келуін өтінеді. Бірақ Мұрат бақсы дариядан өтпейді. Сол заматта қатты дауыл тұрады. Мұрат бақсы осы кезде қасиетін көрсетіп дарияның арғы бетіндегі киіз үйді қазандағы пісіп тұрған етімен бірге өзінің алдына көшіреді. Содан бері қаншама уақыт өтсе де Мұрат бақсы жайлы бұл оқиға бізге ұмытылмай жетіп отыр. Қазіргі уақытта Жапалақ Алтын Мұрат бақсыдан ұрпақ жоқ..

Жапалақ Алтын руынан шыққан Шәмен молда Есжанұлы (1883-1928) халық арасында дін жолын насихаттаумен аты шыққан адам болған. 1928 жылдары Қазақстанда ірі байлар мен молдаларды қудалау басталады. Сол қудалауға Алтын Шәмен молда да ілігіп, 1928 жылы Шымкент қаласында атылады.

Жапалақ Алтын ұрпақтарының ішінде елге жыраулығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сыр бойы, Қармақшы ауданында өмір сүрген Жапалақ Алтын руының Өтеп аталығынан шыққан Ыбырай жырау Тұрымтайұлының есімі халық арасында кең тарайды. Алтын Ыбырай жыраудың Қазихан деген баласы болады [ Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны, Малай батырдың ұрпағы, шежіреші Үсен Баймаханов ақсақалдан алынған мәлімет].

Share this post


Link to post
Share on other sites

[Айдар]

 

Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры Айдар Оразұлы жайлы сөз қозғайық. Айдардың Мәмбетияр, Бекбаулы, Тілеуке, Жәдік деген балалары болады. Бекбаулының ұрпағы бүкіл қазаққа аты шыққан ақын болады. Ол 1874-1938 жылдар аралығында өмір ]тұлғаларының бірі болған, осы кезеңде ел ағасы болған Ешмұрат, 1925-1930 жылдары болыс болған Нұрмұрат және Омар ақын Қошманұлы (1910-1988) халыққа аты шыға бастады. Омар ақын Қошманұлы жайлы Сыр бойының белгілі ақыны Шәкіман Бектібаев

өзінің «Біздің ғасыр» толғауында:

«Мүзарап, Үбісұлтан дүлдүл еді,

Ауылымның ақсақалы, білгірі еді.

Әлқуат, Қошаманов Омар, Сахи

Ақжарқын жүрген жері тілгір еді.

 

Бұлар да көп жұмысқа араласқан,

Әр елдің білгірімен хабарласқан.

Ел үшін еңбектерін аямаған,

Қартайып, шаршағанға қарамастан», - деп жырлаған екен.

[ Сырдария кітапханасы . Шәкіман Бектібаев. Шығармалары . – Астана, «Фолиант», 2009, - 375 б.]

 

 

Ал Бекбаулының інілері Тілеуке би, Жәдік палуан болған. Тілеуке елмен араласып, билік жүргізіп жүрсе, Жәдік мал шаруашылығымен айналысқан.

Бір күні Тілеуке би: «Жәдік арқасында менің атым екі рет шықты. Енді бұдан бастап, атымыз бірге аталатын болсын» - деген екен. Енді екі рет аты қалай шыққанын баяндайық. Бір күні қазақтар жаудан қашып келе жатады. Жолда олар бір сайға түнеп шығады. Ертеңіне сайға бір керуен, су, азық-түлік алып келеді. Қашқындар аң-таң:«Керуен кімдікі?» - дегенде, керуеншілер: «Жәдіктікі, Тілеукенің інісінің» - дейді. Кейін Жәдіктен, сен қалай үстімізден түстің десе, Жәдік:«Мен сіздердің жаудан қашып келе жатқандарыңызды естідім.Уақытында осы жерлерде мал бағып жүргенмін.Сонда барымташы, ұрылардың жасырынатын жерлері осы жер болғанын көрген соң, осы жерге керуенді жібергенмін.»-дейді. Жәдік палуанның Тілеуке бидің атын екінші рет шығарғаны былай өрбиді. Бір күні қазақ елінде ас па,той ма болып жатады. Онда бәйге, палуан күресі болатыны белгілі. Күресуге бір түйе палуан шығады, бірақ өзіне қарсы шығатын палуанды таба алмайды. Енді болмаған соң палуан өзіне тиісті жүлдені сұрағанда, Жәдік палуан шекпеннің шетін белбеуіне салып, күреске шығады. Ел шулап: «Ей, ол сенің қабырғаңды сындырады ғой, сен әлі жассың ғой» - дейді. Бұл Жәдік палуанның жас жігіттік кезі еді. Жәдік халықтың тоқтатқанына көнбей,онымен белдеседі. Күрес басталып, Жәдік қарсыласының жамбасын сындырады. Халық дән риза. Халық:«бұл жігіт кім?», - десе, білетіндер: «Жәдік қой» - дейді.Сонда Жәдік өзін таныстырып: «Мен Тілеуке Жәдікпін» - деген екен. Сөйтіп Жәдік палуан Тілеуке бидің атын екі рет шығарады. Кейін еліндегілер Жәдіктен: «Сен өмірі күреспейтін едің, қалай күреске шықтың.» - десе, Жәдік:«Мен өзімде қайрат барын шамалаған едім. Өйткені тобылғыны жұлып алып тұрғанда екі жағынан су тамшылап тұратын. Содан өзімде қайрат барын сезгенмін» - деген екен. Осы Сәлтеке батырдың немере бауыры Тілеуке бидің балалары қазақ-жоңғар соғысында батырлықтарымен аты шығады.Үлкен ұлы Тілеулі батыр бір шайқаста ерлікпен қаза болады. Осы Тілеулі батырдың бесінші ұрпағы Серікбайұлы Досмағамбет молда Қармақшыда діни-ағартушылық қызметімен елге белгілі болса, батырдың келесі бесінші ұрпағы Көлбайұлы Ерман шежіреші болады. Тілеуке бидің екінші ұлы Жайнақ батыр, үшіншісі Мойнақ батыр болса, төртінші ұлы Дербісәлі үлкен бай болады, одан Қожан, Итен мырза т.б.дүниеге келеді. Қожанның, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Айбасұлы Айшуақ батыр елін қорғаумен аты шығады. Итеннен атақты бай, Құлты әулие және 1798-1882 жылдар аралығында өмір сүрген Уәлі би дүниеге келген.

 

Шежіреші ақын Әлімбай Әлиасқаровтың еңбегінде:

Тілеукеден Тілеулі, Мойнақ, Жайнақ,

Дербісәлі жүрген жер болған ойнақ.

Мұнан туған балалар он бір екен,

Қожан, Итен, Тұрымтай өскен жайнап.

 

Қожаннан туатұғын алты бала,

Итеннен Құлты, Уәлі, бұған қара.

Құлтыдан он бір, Уәліден он үш ұл бар,

Ел болып өсіп кеткен дара-дара

[Ә. Әлиасқаров. Қазақ шежіресі. Қызылорда: Тұмар, 2003, - 110 б], - делінген.

 

Құлтының баласы Медет батыр, одан 1853-1927 жылдар аралығында өмір сүрген Сүйінқара батыр дүниеге келген. Бұл кісілерде өзіне қарасты ауыл-аймақты ұры-қарыдан қорғап, жөнсіз келіп қорқытып, көз алартқандар болса, олардың сазайын беріп отырған.

Құлты әулие науқастарын сөзбен, шөппен, отпен, пышақпен және қобызбен емдеген. Құлты әулиенің бейіті қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының Мамыр бөлімшесінің аймағында орналасқан. Құлты әулиенің бейітің бүгінгі кезге дейін жұрт Құлты әулиенің қара моласы деп қастерлеп келген. Құлты әулиенің немересі Үмбетұлы Бәйімбет молда елге діни –ағартушылық қызметімен және билігімен белгіленді. Бәйімбет молданың бейіті Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Құлты әулиенің қасында. Бәйімбет молданың немересі Мәжит Бәйімбетов 12 томдық Қазақ ССР энциклопедиясының Бас редакторының орынбасары болса, келесі немересі Бәйімбетов Әбрек Қазақстан Республикасының алғашқы ихтиолог-ғалымдарының бірі.

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, коректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді. Осы ғылыми зерттеулерді жүргізген Әбрек Бәйімбетов, т.б. Ихтиолог-ғалым Бәйімбетов Әбректің «Словарь названий рыб Казахстана» (лат., ағылш., русск., қазақ., 1999) атты еңбегі жарыққа шықты

[Қазақстан ұлттық энциклопедия. 4 том. «Қазақ энциклопедиясыны» Бас редакциясы. – Алматы, 2002. - 353, 354 б].

 

Құлты әулиенің шөбересі Байсүгірұлы Іскендір молда (1886-1968) үлкен шежіреші әрі ақын болған. Құлты әулиенің келесі шөбересі атасының жолын қуып, дәрігер болады. Ол белгілі ғалым, академик Камал Сәруарұлы Ормантаев.

Ормантаев Камал Сәруарұлы (1936 ж.т.) – хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Қазақстан Мемлекет сыйлығының иегері, жыл дәрігері номинациясы бойынша «Алтын адам» (2000,2001) сыйлығын алған. «Парасат» орденінің иегері

[Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005,- 411 б].

Академик Камал Ормантаев Қызылорда қаласының құрметті азаматы [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры]. Ал Құлты әулиенің ұрпағы Қараұлы Мақым (1890-1976) Қармақшыда ауылнай болған.

Ал Құлты әулиенің інісі Уәлі биге келсек, Уәлі би Ресей экспансия кесірінен елін сонау Еділ бойынан Ырғыз арқылы Сыр бойына алып келеді. Өзі Кенесары ханды қызу қолдаған адам. Сыр елінде әділдігімен қоса батырға сай тұлғасымен аты шығады. Кейін 1860 жылдары халықтың қамы үшін Қарақұмда құдық қаздыртады. Бұл құдықты Жалағаш пен Қармақшы аудандарының малшылары 1960 жылға дейін қолданып келді. Уәлі бидің он үш балаларының ішінде Әлімбай, Топышбай сері, Байұзақ (Байзақ) деген балаларының есімдері елге кең тараған. Байзақ баба (1868-1943) ел билеген кісі, Қармақшы ауданындағы Байзақ тоғай деген киелі жер, осы кісінің мекені. Қармақшы ауданының алғашқы педагогтарының бірі, Байзақтың баласы Байзақов Ысқақ (1888-1958) Байзақ тоғайында алғашқы мектеп директоры болған. Ал, Уәлі бидің шөбересі Байзақов Нурадин Ахметбекұлы (1935-1956), 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілік кезінде ерлікпен қаза болады. Қазірде, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде Байзақтегі Нұрадин атында көше және мектептің ұйымына Байзақов Нұрадин есімі берілді.

Айдар Алтын руынан Әмзе Сүлейменов деген ақын болған. Бұл кісінің біраз еңбектерінің ішінде, 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілікте ерлікпен қаза болған, жандосы әрі етжақын бауыры Байзақов Нұрадинге «Нұрадинге» атты балладасын шығарған.

Сәлтеке батырдың бауыры Жәдік палуанның ұрпақтары да халқының жадында қалған. Олар ХІХ ғасырда өмір сүрген Көлдей жырау Сәдірбайұлы, мен ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Көздібай палуан Базаралыұлы.

Жәдік палуанның ұрпақтарынан діндарлығымен көптеген кісілер шыққан. ХІХ ғасырда Ерниязұлы Абау молда елге діни-ағартушылық қызмет жасаған.1882 жылы Алтын Уәлі би Итенұлы қайтыс болғанда жаназасын осы Абау молда шығарған. Жәдік палуанның ұрпағы Базар молда (бейіті Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылында), оның балалары Қошым (Қошыммұрат) кәлпе, әулие, Жүсіп қажы, Бейсеммұрат елге мықты діни ұстанымдарымен белгілі еді.

Жәдік палуанның атақты ұрпақтарының бірі Әбдірахманов Жаңалық Ниязұлы (дұрысы Әбдірахманұлы Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан) (1935-2004) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. 1990 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры болған

[Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005,- 128 б].

2012 жылы ақпан айында академик Жаңалық Әбдірахманов есімімен Қызылорда қаласының бір көшесіне есімі берілді [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].

Жәдік палуанның келесі ұрпағы Орақ жырау Дәнекеров (1941-2001) Қармақшы ауданының жыраулар мектебінің жойылмауына көп үлес қосқан тұлғалы азамат.Орақ жырау Алтын Жұбан жыраудың шәкірті болған.

Share this post


Link to post
Share on other sites

[Сығай]

 

Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры болып келетін Сығай Оразұлының ұрпағы жайлы сөз қозғайық. Бұл кісінің ұрпағынан да елін жаудан қорғаған талай батырлар шыққан. Соның бірі Сығайдың шөбересі Есболат батыр Алматайұлы. ХVІІІ ғасыр қазақ тарихында жаугершілік болған кезең. Осы уақытта Қазақ еліне Құба-қалмақ, Жоңғар, Қытай, Башқұрт, Ресей империясы, Қоқан хандығы, Түркімен және Қырғыз манаптары күш көрсете бастаған. Бірақ дәл осы ХVІІІ ғасырда қазақ жерінен жаулардың бетін қайтарған өңкей батырлар шығады. Кезінде ХІХ ғасырда көрнекті ғалым Шоқан Уалиханов: « ХVІІІ век – это век рыцарства казахского народа» - деп атаған. Яғни, ХVІІІ ғасыр ол батырлар заманы. Сондай –ақ осы ғасырда Есболат батыр Алматайұлы ерлігімен көзге түскен. Өкініштісі Есболат батырдың ұрпағы жайлы мәлімет жоқ.

Сығайдың шөбересі Жақапұлы Шобдар батыр болған кісі. Бұл кісі ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Сығайдың шөпшегі Құрым деген кісі үлкен жылқышы бай болған.Сырдария өзенінің жағасындағы «Құрым шығанағы» деген жер осы кісінің иелігінде болған. Осы кісіден дүниеге Созақбай батыр келеді. Ал інісі Жұрыннан Өтеген батыр тарайды. Бұл кісілер ХІХ ғасырда өмір сүрген. Созақбай батыр Кенесары ханның қозғалысына қатысқан. Сыр бойы батырлары керейіт Нысанбай батыр-жырау Жаманқұлұлымен, табын Бұқарбай батыр Естекбайұлымен, табын Қабан батырмен, және Арқадан келген шұбыртпалы арғын Ағыбай батыр Олжабайұлымен бірге жорықтас болған. 1847 жылы Кенесары хан қырғыздардың қолына түскенде Созақбай батыр, Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай батырлармен бірге құтылып шығады. Бірақ Наурызбай ағасына көмектеспек болып, қырғыздарға қайта жалғыз шабады.Батырлардың айтқанына көңбей кеткен жас Наурызбай ағасымен бірге қаза табады. Кейін бұл оқиғаны керейіт Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жырына қосады. Енді Созақбай батырдың аты керейіт Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырында неге кездеспейді деп ойланасың. Ол мәселе былай болған екен. Кенесары хан қырғыз елінде қаза табады. Созақбай, табын Қабан, табын Бұқарбай, арғын Ағыбай батырлар қазақ еліне қайтады. Керейіт Нысанбай жырау әйгілі жырын шығарады, жолда алтын, күміс, ер-тұрмандарды берген кісілерді жырына қосады. Созақбай батыр ондай заттар бермеген соң, оны Нысанбай жырау жырына кіргізбейді.

Кенесары хан қозғалысынан кейін, Созақбай батыр Сыр бойының ханы Елкейдің (Елікей) қолын басқарған. Созақбай батырдың алты баласы болған. Солардың ішінде Қара ауылнай, Қашақ батыр-мерген болады. Қара ауылнай бәйгеге ат ұстап қосатын ат сыншысы әрі бүркіт ұстап аңға салған аңшы болған. Созақбай батырдың немересі Қодарұлы Әбдіраман Сыр бойына белгілі кісі, колхоз бастығы, ауылсовет председателі, бас агроном болған. Елде ол кісіні «Қызылкөз» Әбдіраман деп атаған.

Ал Сығайдың бесінші ұрпағы Досмамбетұлы Қаһарман ҚССРО Жоғары Кеңесінің депутаты, «ЦИК» мүшесі, Қармақшы ауданынын ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болған. Бұл кісі 1937 жылғы бірінші сайлау депутаты болып сайланған тұлғалы азамат

[Қ.Нақыпұлы. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі. Қызылорда: Қызылордаполиография, 2003, - 47 б].

Қазіргі уақытта Созақбай батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, қоғам қайраткері, ғалым Әуезхан Әбдіраманұлы Қодаров халыққа кызмет етуде.

Қодар Әуезхан (1958 ж.т.) – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы. Әуезхан Қодар республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты [ Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005, - 313 б].

Созақбай батырдың бейіті Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан қырға қарай 100 шақырым жердегі жәй төбеде жерленген. Ал немере бауыры Өтеген батыр Жұрынұлынан ұрпақ жоқ. Тағы бір атап кететін жәйт, Сәлтеке батырдың Сығай бауырынан тараған белді ұрпақтары, Қауменнің балалары Әлібай би мен Далдабай билер Сыр бойына өзіндік ізін қалдырған арда азаматтар. Бұл билер ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басында Жалағаш өңірінде өмір сүрген. Әлібай биді Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:

 

Әлібай болыс, Тобжан би атанып,

Артылған абыройы, сыйлап халқы, - деп жазады.

 

Әлібай жасынан еті тірі жігіт атанып, алдымен ауылға, кейін болысқа кандидат, ал 1900-1910 жылдары Қазалы уезіне қарайтын Қармақшы болысын басқарады. Сарықұмдағы Әлібай тамы деген үйдің орны бар. Жұртшылық ол жерді Әлібай тамы деп атайды [Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,- 67 б].

 

Сыр бойлық Тұрымбет жырау Салқынбайұлы 1911 жылы, Қаратамыр Төребай би қайтыс болғанда айтқан көңілқосында: Алтында Әлібай мен Тобжан қажы, Солардай халық жақсысы қайғырды көп,[ Т.Дайрабаев.Ж.олбарысты Төребай би. (Жинақ) Жинаушылар: Т.Дайрабаев, Ә.Сәрсенұлы. – Алматы, - «Арыс», 2000, 67 б], - деп Алтын Әлібай мен Алтын Тобжан билерді атайды

 

ХІХ ғасырда Сығай Алтын руынан Есеқұлұлы Есір бидің есімі белгілі болған. Есір бидің өзінің арнайы мөрі болған [Т. Дайрабай. Сыр перзенттері. Алматы: «Арыс», 2010,- 366 б]

Сығай Алтын руынан елге ақындығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі Мұхамедияр жырау Жабағыұлы (1908-1989). Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылында Мұхамедияр жырау атында көше бар [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].

Жабағиев Мұхамедияр (1908–1989) – жырау. Жасынан ән-жырға құмар болған. Сыр бойы ақындарының өлен-жырларын, термелерін, кейіннен үлкен дастан, қиссаларды жатқа айтқан. Ол «Алтын балық», «Айша қыз», «Шаһизада», «Мағауия», «Әбу Шаһнама» атты қиссаларды жырлаған. Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Даңмұрын, Сейітжан, Тоғжан ақындарды өзіне ұстаз санаған. «Жақсыбайға» атты поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. 1962-63 ж. Зерттеуші ғалымдар М.Жармұхамедов, М. Байділдаев, З.Қариева Жабағиевтің қисса-дастандарын жазып алып, таспаға түсірген. Кейіннен «Көроғлы», «Әзірет Әлі» қиссаларын, Кердері Әбубакір, Балқы Базардың шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттаған [Сырдария (Тереңөзек) ауданы шежіре кітап. / Алматы: - «Арыс», 2009, 120 б].

Сығай Алтын руынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Өтешұлы Әптіхан ұста.Әптіхан темір ұстасы болған. Бұл кісі бір құлақты шиті мылтық жасаған.

ХХ ғасырдың басында Алтын еліне діни-ағартушылық қызметімен тегі Қожа Ахметбек ишан Биқожаұлы келеді. Кейін Алтын елінің арасында діни – ағартушылық қызметімен айналысқан соң Ахметбек ишан, Алтынқожа деп аталып кетеді [[Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].

Алтынқожа Биқожаұлы (1886–1943) – діни қызметкер. 19 жасында Өзбекстанның Үргеніш қаласындағы діни оқуға түскен. 14 жылдай оқып, ишан дәрежесін алған. Елге оралып Қармақшының Қызылтам елді мекенінде мешіт ашады. Кіші жүздегі Алтын жаппас руында ислам дінін уағыздайды. 1902 жылы Уфа қаласында өткен Алашордалықтардың ІІ Думасына Қармақшы уезінен делегат болып қатысты.1929 жылы Кеңес органдары дүние-мүлкін кәмпескеліп, Қармақшыдан туған ауылына көшіп келеді. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 10 жылға сотталып Ресейге жер аударылды [ Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005,- 92 б].

Share this post


Link to post
Share on other sites

[Шұңғыр]

 

Енді Сәлтеке батырдың атасы Көзала батырмен туысқан Шұңғыр жайлы айтсақ. Шұңғыр қазақ елін қорғаған айтулы батыр. Аталмыш ақын Әлімбай Әлиасқаров Шұңғыр батырды:

Еділбайдан туады Шұңғыр батыр,

Атасы өсиет айтып сырласқан сыр.

Шұңғырдан Алсай, Бұйра – екі бала,

Ер болып аралаған ой мене қыр [2-111 б], - деп жырлаған.

 

Бұл кісі ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасыдың бірінші жартысында өмір сүрген. Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан да елін жаудан қорғаған атақты батырлар шығады. Мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Сәлтеке батырдың замандасы Барақ батыр Алсайұлы. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Шұңғыр батырдың ұрпағы Жанай батыр. Шұңғырдың ХІХ ғасырда өмір сүрген ұрпағы Кішкенбай батыр Мажығұлұлы. Кішкенбай батырды Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:

 

Кішкенбай белді кісі, батыр өткен,

Жайылған атырапқа шығыпдаңқы,

- деп жырласа, Кішкенбай батырды ақын Әлімбай Әлиасқаров:

Жанайдан Бұйра, Маймақ, Мажығұл, Сепен,

Мажығұлдан Кішкенбай батыр екен [Ә. Әлиасқаров. Қазақ шежіресі. Қызылорда: Тұмар, 2003, - 113 б], - деп жырлайды.

 

Шұңғыр батырдың ұрпағы Қожантай би 1885-1905 жылдары болыстықты басқарса, 1915-1920 жылдары келесі ұрпағы, Байжан басқарған [ Қ.Нақыпұлы. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі. Қызылорда: Қызылордаполиография, 2003, - 265 б ].

Шұңғыр батырдың ұрпақтарының ішінде елге жыраулығымен аты шыққан тұлғалар болған. Солардың бірі Жұбан жырау Ақжігітұлы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Алтын Жұбан жыраудың Ысқақ, Ысмайыл деген інілері болған. Ысқақтың Аманкелді деген баласы Қармақшыда тұрады.

Шұңғыр батырдың ұрпағы Мұстафаұлы Жұмабай (1897-1961) – палуан, аңшы, молда болған кісі. Жұмабай палуан 1932 жылы, аштық кезінде Тәжікстан Республикасының Қорғантөбе деген аймағында 1952 жылға дейін тұрған. Осы өлкеде Жұмабай палуан палуандығымен аты шығады. 1952 жылы Жұмабай палуан Өзбекстан Республикасына көшіп келіп, осында қайтыс болады.

Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында атақты Түркей ұста өмір сүрген.

Шұңғыр батырдың ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген аты-шулы ұрпағы шығады - ол Қожбан батыр, хан. Қожбан батыр Жұбанұлы Кеңес үкіметіне қарсы шығып, көтеріліс бастаған. Алдымен бұл көтерілісті 1878-1931 жылдар аралығында өмір сүрген Сәлтеке батырдың ұрпағы, молда Жұмағазы Бәйімбетұлы басқарады. Халық бұл кісіні хан сайлайды. 1930 жылы есіл ер Жұмағазы хан қолға түседі, 1931 жылдың 21 қарашасында атылады

[Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2005,- 243 б].

Сосын Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының тұрғындары ұйымдасып Қожбан батырды хан сайлайды. Көтерілісшілердің саңы 2000 адамға жетеді. Бірақ, өкінішке орай мұздай қаруланған кеңес әскері көтерілісшілерді қырып тастайды. Қожбан батыр қаза болады. Көтерілісшілердің көбісі Алтын елінен шыққандықтан, бұл көтерілісті Алтын көтерілісі дейді. Көтеріліске шыққан Алтындардың азаматтарын Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылының жанында атып тастайды. Алтын елінің аталығынан шыққан ағайындарының көбісі осы қырғында жойылады, кейін аштықта қырылады. Одан соң 1941-45 жылдары болған Ұлы Отан соғысында көпшілігі майданнан қайтпайды. Сондықтан Қасқұл ағайындары қазіргі уақытта тым аз.

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылыми қайраткері Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы Алтынның Қасқұлынан шыққан.

Академик Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2 томдық, 1959,1961) және «Қазақ орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978,1981) жарыққа шықты. Ғалым бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған [Қазақстан ұлттық энциклопедия. 4 том. «Қазақ энциклопедиясыны» Бас редакциясы. – Алматы, 2002. - 516 б].

Share this post


Link to post
Share on other sites

1991 жылы Алтын баба ұрпақтары Қызылорда облысының, Жалағаш ауданында, Қайыршақты деген жерде бабаларына арнап үлкен ас берді. Бұл ұрпақтардың бабаларына жасаған тағзымы еді. Елім деп еңіреп өткен ардақты бабаларымыздың ұрпақтары ретінде, біз ұлтымыздың тарихын, мәдени құндылықтарын күндіз-түні тынбай жаза беруіміз керек. Кезінде француз оқымыстысы Вольтер:Тарихшыларды жазғандары үшін емес, жазбағандары үшін соттау керек, - деген екен. Сол сияқты қазіргі таңда қазақ елінің тарихын жастардың зердесіне құйып, оны тарих беттеріне жазу аса маңызды.

Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынов:

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар, - деген дей, мен де Сыр бойындағы он екі ата Байұлы Алтын руынан шыққан Сыр өңірінің тарихи тұлғалары болған ата-бабалардың есімдерін қазіргі ұрпаққа жеткізуді жөн көрген едім. Өйткені, жастар біздің келешегіміз, заманымыздың болашағы.

 

Бақытжан Ахметбек,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университеті жанындағы «Қорқыттану»

ғылыми-зерттеу институтының маманы.

Share this post


Link to post
Share on other sites

УӘЛІ БИ – ел жанашыры

 

x_450f670d.jpg

Уәлі би Итенұлы

(1798-1882)

Ертеректе Сыр бойында, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы жұртшылығының арасында Уәлі бидің есімі кеңінен мәлім болған. Халық оны әділ де бірбеткей кесімді жақтайтын, сонысымен бүкіл жұртшылықтың құрметті биі есебінде біледі.

Уәлі бидің ата тегі: Алшын-Байұлы-Алтын-Көзала-Айдар аталығынан. Айдардан -Тілеуке би -Дербісәлі бай -Итен мырза. Итеннен әрі бай, әрі емші Құлты әулие, Жақсылық, Жайсанқұл, Тасмамбет (Таспембет), Ақмамбет (Ақпембет), Уәлі би дүниеге келеді. Итен мырзаның ата қонысы Еділ өзенінің бойы екен. Уәлі би – қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Еділ бойында 1798 жылы туылған. Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайықтың бойына, арқаға ауып келе бастады. Сол кезде Итен де Құлты, Уәлі деген балаларымен бірге қазіргі Ақтөбе, бұрыңғы Торғай облыстарының жеріндегі арқа өңіріне көшіп келеді. Қазірде Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының Мамыр бөлімшесінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Бұл жергілікті жұрттың әулие бейіті деп зиярат етіп, түнеп кететін қасиетті орны болып саналады. 2009 жылы Құлты әулиенің ұрпақтары Құлты әулиенің басына ескерткіш тақта орнатты.Осы Ырғыз ауданында «Уәлі өткелі » деген жер және Уәлі базасы бар. Тағы айтып жіберетін жәйіт, 2010 жылы Уәлі бидің ұрпақтары Уәлі өткелінің қасына арнайы ескерткіш тақта орнатып қайты. Енді қайтадан сонау ХІХ ғасырға барайық. Құлтыдан Үмбет, Шоқан, Медет батыр, Майыр, Бекберген, Маңғыбай, Манан, Кәрібай, Ормантай, Ондыбай, Орақ деген балалары қалады. Құлтының ұрпақтарынан елге белгілі, беделді кісілер шығады. Мысалы немерелері Байымбет (елді билеген, бұл кісі 1901 жылы қайтыс болған), Сүйінқара батыр (1853-1927), Шоңмұрын бай (18?-1931), (1929,1931 жылдары Шөңмұрын бабамыз Кеңес үкіметіне қарсы шыққан Алтын көтерілісіне қатысып, ұсталған. Қарт кісі Қызылорда қаласының түрмесінде қайтыс болған). Шөберелері – Іскендір ақын, молда, шежіреші (1886-1968) және академик, медицина ғылымының докторы 1936 ж.т. Камал Сәруарұлы Ормантаев. Шөпшегі – Мақым ауылнай Қараұлы (1890-1976). Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі би өзіне қарасты ағайындарын Сыр бойына көшіруді ойлайды. Себебі, бұл өңірге Ресей жағынан көшіп келуші мұжықтар да көбейе бастаған еді. Уәлі би Сыр бойына келісімен Қаратамыр руынан шыққан Пішан биге келіп, ауылын қоныстандыратын жер сұрайды. Сөйтіп, екі би келісе отырып, алыстан арып-ашып көшіп келген ағайындарға, осы күнгі Қорқыт стансасының шығыс жағындағы патша үкіметінің пошта жолының аялдамасы «Қызыл үй» деген тоғайдан бастап, шығысқа қарай Қармақшы қыстағына дейінгі, Сыр бойындағы Жайлау, Байзақ, Сүйінқара, Шоңмұрын (кейінгі атаулары), Жапырақшы, Кеңтоғай, Шақпақты деп аталатын тоғайларды бөліп, сол жерлерге Уәлі би өзіне қарасты ағайындарын орналастырған. Сөйтіп, алтын руы сыр бойындағы ағайындарымен өзара араласып, қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы болып кетеді. Уәлі би осы өңірде өте сыйлы адам болып, өз елінің арасында билік құрады. Ол Алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірге ағайының бірлігін, елдің тұтастығын, татулығын сақтауға белсенді қызмет атқарады. 1845/46 жылдары Елкей Сыр бойында хандық құрады. Ал Елкей (Ермұхамед) Әбілқайыр ханның шөпшегі. Бірде Елкей ханның шешіміне риза болмаған Уәлі би: - «Әділеттілік құдайда болмағанда, ханда қайдан болсын» - деп ханның билігін қайта бұздырған екен. Уәлінің мұндай өткір де батыл сөздері сол кезде халық арасында кең тараған. Уәлі би батырға лайық тұлғасына ақыл парасаты жарасқан кісі болыпты. Ол кісі онша бай болмаған. Бірақ байлығына сенген кейбір адамдардың әділетсіз әрекеттеріне қатты тойтарыс беріп, кедейлердің мүддесін қорғауға көп еңбек еткен. Қазақта «Атқа міндің-ажалға міндің» деген сөз бар. Оның мәнісі атқа мінген азамат халықтың қамын ойлауы тиіс. Сөйтіп, талай әділетсіздіктермен ұстасып, өзіне жауларды да көбейтеді. Бірақ Уәлі би өзінің бірбеткейлігінен қайтпаған адам болған. Уәлі би Кенесары хан басқарған халық қозғалысын да қызу қолдаған адам болған. Өйткені, оның өзі де, ағайындары да Ресей империясының отаршылық саясатынан жапа шегіп, туған жерінен ауып келген кісі. Осындай әрекеттері үшін ол кейін басқа билермен бірге Орынбор қаласына шақырылып, губернатордан қатты ескерту алған. Уәлі бидің бет әлпетіне келсек көк көзді, денелі, өте ірі кісі болған. Би бабамыздың үш әйелі болған, алдыңғы екі зайыбының есімі ұмытылып қалды, кіші зайыбының есімі Жақсы болған, тегі – Байұлы Жаппас. Уәлі бидің он үш баласы болған: Ықылас, Тоқыш, Топышбай – сері болған, Әлімбай, Шоғырбай, Байжан, Шилібай, Байзақ (Байұзақ) – ел билеген кісі, Өмірзақ, Жанұзақ деген кісілер. Соңғы үш баласының анасы Жақсы деген кісі. Бірде Атырау өңірінен тегі – Байұлы Байбақты Қара деген кісі бір адамды абайсызда өлтіріп, Сыр бойына қашып келеді. Қармақшы өңіріне келіп, Уәлі биге жағдайын айтып, көмектесуің сұрайды. Би бабамыз бұл кісіні қамқорлығына алады. Уақыт өте Атырау өңірінен Байбақты руының жігіттері келіп, Уәлі биден Қара деген кісіні беруін сұрайды. Сонда Уәлі би Қараны ақтап, қорғап, Байбақтыларға бермей, оларды қайтарып жібереді. Кейін Уәлі би Қараның баласы Барпыға (18?-1920) немересі Құндыз Ықыласқызын береді. Құндыз апамыздан Кәріп, Бибіғали, Дәріп (1912-1985) деген жиендер туылады. Қазір бұл жиендерден тараған ұрпақтар Қызылорда қаласында, Қармақшы ауданында тұрып жатыр. Уәлі би әрдайым елдің қамын ойлап, олардың шаруашылығының жөнделіп кетуіне көмектескен. Мәселең 1860 жыл шамасында Қарақұмда (Қармақшы елді мекенінің солтүстік батысында) Уәлі құдығы деп аталып кеткен құдықты қаздырған. Би бабамыз елден бір атақты палуанды алдыртып, құдық қаздырады. Палуан тереңдігі 22 метрдей құдық қазады. Түбіне келгенде үлкен тас көреді де, жоғарыда тұрған биге айтады. Сонда Уәлі би: - «Тасты көтер, астынан су шығады» дейді. Палуан алып күш иесі, тасты көтергенде астынан су шығады. Халық шексіз риза болады. Елден Уәлі биге сыйлықтар түсіп жатады. Би елден түскен сый-сияпатты, түйе, жылқыларды палуанға береді. Уәлі құдығы Қарақұм мал жайылымын игеріп, елдің малды көп өсіруіне игі әсерін тигізеді. Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш аудандарының Қарақұм мал жайылымына көшетін фермалары осы құдықты пайдаланып келді. 1996 жылы шілдеде Уәлі бидің ұрпақтары – Алматыда тұратын Ысқақов Жәнібек (1924-1998) және Қармақшы тұрғыны Әлімбаев Зинабдин 1929 ж.т. ағайындарымен бірлесіп осы құдықтың орнына ескерткіш тақта орнатты. Қызылорда облысының топографиялық картасындағы «Уәлі» деген жер құдықтың аумағы болып есептеледі.

Бір күні Уәлі би сыртта жүргенде, ауылына барымташылар шабады. Олар Уәлінің бүкіл малын алып кетеді. Би ауылына келіп отырғанда, шеңгелдің арасынан бір лақ шығады, бүкіл малынан бір лағы қалғаны ғой. Сонда Уәлі би: - «Мен құдайы мал берем» - деп лақты сойдыртады. Бұл оқиғадан Уәлі бидің тағдыр тәлкегіне мойынсұнбағанын байқап тұрмыз. Уәлі биді Сыр бойының сүлейлері де жырына қосқан. Мысалы қазақтың алып ақындарының бірі Асқар Тоқмағамбетов жырына қосқан. Уәлі биді Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908-1990) «Қазақ шежіресі» еңбегінде: -

 

«Тілеукеден Тілеулі, Мойнақ, Жайнақ,

Дербісәлі жүрген жер болған ойнақ.

Мұнан туған балалар он бір екен,

Қожан, Итен, Тұрымтай өскен жайнап.

 

Қожаннан туатұғын алты бала,

Итеннен Құлты, Уәлі, бұған қара.

Құлтыдан он бір, Уәліден он үш ұл бар,

Ел болып өсіп кеткен дара-дара.» - деп жырлаған.

 

Анасына келсек, бидің анасы Шөмекейдің атақты биі Солтанұлы Жәрімбеттің қызы болған. Солтанұлы Жәрімбет (1735-1809), кейбір деректерде (1728-1802) ж.ж. өмір сүрді деп жазады. Бұл анамыз жаужүректі, алып күштің иесі болған. Анамыз белгілі Шөмекейдің батыры Бәйтік Баймембетұлының (1762-1841) шөбере бауыры. Екеуіде арқалы батыр Келмембет (Сарықасқа) баласы Өтебай батырдың шөберелері еді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы жаугершілік заман. Бірде Итеннің ауылына барымташылар келеді. Сонда батыр анамыз екі қолын кең жайып, екі сиырдың құйрығынан тырп еткізбей ұстап, жібермей тұрыпты. Барымташылар анамыздың ер жүректілігіне, қайраттылығына риза болып, малды тастап кетеді. Осы батыр-палуан анамыздан атақты Уәлі би дүниеге келеді. Енді бидің ұрпақтарына келейік. Енді бидің ұрпақтарына келейік. Бидің ұрпақтары бабасының атына кір келтірмей елінде абырой, беделі биік болып өмір сүруде. Уәлі бидің үлкен ұлы Ықыластан-Сүгірәлі, одан Әлі (1889-1932), Әліден Балтабек (1926-1943) Ұлы отан соғысында Таяу Шығыста ерлікпен қаза болған жауынгер-ақын, ұрпағы жоқ.

Бидің екінші ұлы Тоқыштан Кәлі апамыз (18?-1932) аштық кезінде қайтыс болады. Күйеуі Уәйіс Боранбайұлы (18?-1933), тегі – Қаратамыр Шөмекей, қыздары Айқыннан жұрағат бар.

Уәлінің үшінші ұлы Топышбай сері болған, ұрпағы жоқ.

Уәлі бидің төртінші ұлы Әлімбай мен келіні Зейнеп анамыздан Қойшыбай (1878-1972), Әлмен (1890-1967) туылады. Кезінде Уәлі би өлер алдында: - «Немерелерімді шақырыңдар» - дегенде 4 жасар Қойшыбай немересін көріп, иіскеп, үстіндегі жейдесін шешіп, баланы орап, балаға : -«Көп жаса» - деп батасын берген екен. Уәлі би бабамыздың дуалы ауызынан болу керек Қойшыбай атамыз ұзақ жасап 96 жасында қайтыс болады.

Қойшыбай әкемізбен, шешеміз Ырыскүл Төлегенқызынан (1888-1961), тегі – Қаратамыр Шөмекей, Қожабек (1926-2003 ), Қалдыбек (1929-2011), Қашқынбай (1938-1998) туылады. Әлмен әкемізбен, шешеміз Бекзада Жарылқапқызынан (1901-1960), тегі – Қаратамыр Шөмекей, Зинабдин 1929ж.т., Шамшаддин 1940ж.т., туылады. Әлімбаев Зинабдин Әлменұлы КСРО-ның еңбек сіңірген мұғалімі. Қармақшыда қырық жылдай мектеп директоры болған.

Бабамыздың бесінші ұлы Байжаннан Апаш туады. Апашпен зайыбы Бәшен анамыздан Мұса (1905-194?) туылады. Мұса атамыз Ұлы отан соғысында қаза болады. Мұсаның зайыбы Рай анамыздан Бану деген қызы туады. Бану апамызды соғыс кезінде Орта Азия елдеріне қоныс аударған.

Уәлі бидің жетінші ұлы Байзақтың (Байұзақ) (1868-1943), екі әйелі болған, біріншісі – Көнеш Алтыбас Шортыққызы ( 18?-1915), тегі - Шұңғыр Алтын. Екінші әйелі – Масаты Арқабайқызы (18?-1959), тегі – Қыпшақ. Бес ұлы болған. Олар: Ысқақ (1888-1958), Әбдірәсіл (1893-1955), Ахметбек (1905-1973), Дастан (1907-1978), Әбузар (1929-1978). Ысқақтың екі әйелі болған: Бәти Маханқызы (1888-1933), тегі – Қолдауыл Керейіт. Балаш Тәшкенбайқызы (1913-1988), тегі – Қасқұл Алтын. Тоғыз ұлы болады. Олар: Асқарбек (1912-194?), Әнуарбек (1917-1942) Ұлы отан соғысында ерлікпен қаза болған, Жәнібек (1924-1998), Оразбек (1928-2007), Жаңабақыт (1938-1964), Қанибек 1940 ж.т., Жеңісбек 1944 ж.т., Сапарбек 1947 ж.т., Кенжебек 1957 ж.т. Әбдірәсіл әкемізбен, шешеміз Бәтима Ержанқызынан (1904-1984), тегі – Тоқа Шөмекей Тұрсынбек (1944-1995) туады. Ахметбек әкемізбен, шешеміз Әйімкүл Жүргенбайқызынан (1911-1998), тегі – Сарықасқа Шөмекей Нурадин (1934/35-1956), Мекербан 1946 ж.т., Мұқарам (1951-1988) туады. Дастан әкемізбен анамыз Сәлима Қалымбетқызынан (1920-1977) тегі – Көкмұрын Қыпшақ Болат (1939-1984), Нұрлан 1965 ж.т. туады. Әбузар ағамызбен, шешеміз Қаршыгүл Әбдіқұлқызынан 1935 ж.т, тегі – Кете, Гүлшат 1958 ж.т, Шолпан 1965 ж.т, туады.

Уәлі бидің Өмірзақ, Жанұзақ деген кенже балалары жігіт кезінде қайтыс болған, ұрпақтары жоқ. Уәлінің Байзақ деген баласын халық сыйлаған, әке жолын құып, билік айтқан, мешіт ұстап бала оқытқан. Сыр бойындағы «Байзақ тоғайы» деп аталатын жер осы кісінің есімімен аталады. Байзақ ірі денелі, аққұба, көзі көк, мұрынды, қасы қалын әрі ұзын болған, кісі бетіне тура қарамаған. Киетің киімі ақ түсті болыпты: ақ шапан, ақ шалбар, т.б. 1932 жылы Байзақты Кеңес үкіметі қудалап, Ырғызға жер аударған. Байзақ атамыз бен бірге екі аталас бауыры ұсталып, жер аударылған. Біріншісі – Жәдік аталығынан шыққан Жұбан бай. Ол кісі атақты, үлкен бай болған, бірақ балалары болмаған. Екіншісі – Жәдік аталығынан шыққан молда, Базар баласы Жүсіп қажы. Ол кісі кезінде Меккеге барған, мешіт ашқан әулие адам болған. Осы кеткеннен екеуіде қайтып оралмаған. Байзақ атамыз 1933 жылы балалары Байзақов Ысқақ пен Байзақов Әбдірәсілдің ықпалымен Сыр бойына, еліне қайтып оралған. Байзақ бабамыз қонақжай, дархан мінезді кісі екен. Бір уақыттары баласы Дастан әкесіне тоқсан қой алып келсе, Байзақ бабамыз тоқсан қойды бір айда тауысады екен. Үйінен қонақ арылмаған. Осы Байзақтың баласы Ахметбектен туған Нурадин деген жігіт әскери қатарында жүргенде 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілік кезінде ерлікпен қаза тапқан. Жерлестері қыршын кеткен жас жауынгердің есімін есте қалдыру үшін аудан орталығы Жосалы қыстағының бір көшесіне Байзақ тегі Нурадин атын берді. Уақытында осы Байзақов Нурадиннің фамилиясы Уәлиев болған екен. Комсомолға қабылдайтын кезде: - «Сен Уәлі бидің ұрпағысың, шыңжыр балақ шұбар төстің ұрпағысың » - деп Нурадинді комсомолға қабылдамапты. ХХ ғасырдың 40-шы жылдары Сталиннің заманы сондай екені белгілі ғой. Сонда Нурадин қатты ренжиді, өзі сабақты өте жақсы оқыған бала, намыстанады. Фамилиясын атасы Байзақтың атына аумастырып, Байзақов болады. Кейін бұл жағдайды естіген ағасы Дастан Байзақұлы Нурадинге: - «Әй, сен Уәліден жаланаяқ қашқан неме» - деп қуып жүріп ұрысқан екен.

1882 жылы Уәлі би 84 жасында дүниеден өтеді. Сүйегі – Қорқыт ата қорымына қойылған. 1943 жылы қыс айында Байзақ әкесінің мазарына уақыт өткен сайын, дария жақындай түскенін көріп, өзін әрірек биіктеу жаққа қоюын айтып, науқастанып жатып қалады. Байзақ тоғыз күн ауырып жатады. 14 ақпанда қасында зайыбы Масаты, баласы Ахметбек, келіні Әйімкүл отырады. Баласы Ахметбек шай беріп отырып әкесінен сұрайды: -

«Аға, не айтасын кәнекей,

Біз шәй беріп отырмыз.

Сізден қәуіптеніп отырмыз.» - дегенде.

Байзақ баба: -

«Менен неге қауіптенесің,қауіптеңбе!

Ешкімге де ештеңе демеймін.

Саған ештеңе демеймін,

Сенен топырақ бұйырса деген кісі едім,

Таланыма келдің, сен көмсең болды» - деді де жата берді.

 

Түнде бәрі күзетті. Таңға жақын 15 ақпанда Байзақ 75 жасында қолындағы Ахметбек баласының үйінде қайтыс болады. 1943 жылы көктем айында Уәлі бидің мазары дария толқынына шайылып құлайды. Мазардың дарияға құлайын деп тұрғанын көрген, бидің немересі Байзақұлы Ахметбек бабасының сүйегін алып, басқа жерге жерлейін десе, жездесі молда Арғын Пірман Саматұлы (1870-1958): - «Бабаң, саған сүйегімді ал деп аян бермесе, сүйекке тиіспе, суға кеткені жақсы болады, ал егер алсаң құдайдан сұрақ болады» - деп алғызбаған.

2003 жылы 17 тамызда Уәлінің мазарының құлаған жері манайына, бидің шөбересі, «Стомед» тіс емдеу емханасының директоры Ысқақов Жеңісбек Ысқақұлы ескерткіш орнатты. Суретте Итенұлы Уәлі биге қойылған ескерткіш. Авторы – Ж.Ысқақов. Ескерткіштің арғы бетінде бидің баласы Байзақтың сағанасы тұр. Мазары қам кесектен жасалған, өлшемі 4х4м. Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген нақыл бар. Сондықтан, біздер кейінгі ұрпақ, кезінде халық мүддесін қорғап, бір рулы елді сонау Еділ бойынан бастап келіп, әділдігімен ел құрметіне бөленген Уәлі бидің есімін ұмытпауымыз керек.

 

БАҚЫТЖАН АХМЕТБЕК,

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ «КОРҚЫТТАНУ»

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАМАНЫ

Share this post


Link to post
Share on other sites

Иргиз (пос. Мамыр)

 

 

 

Иргиз находится чуть выше Аральского моря, близ Тургая, чуть западней Центрального Казахстана, на востоке Актюбинской области.

 

k1ybxj-y_MM.jpg

 

Nc8qLiXn_EE.jpg

aaeVIgR9ZNA.jpg

 

8uaZ81Zk5Yg.jpg

 

 

 

От древних захоронении и жилого сектора разделяет река приток Тургая.

 

rCOLQiNUPI8.jpg

2LJjSEMGSqo.jpg

 

ExBQr7o4Lck.jpg

TDX3cKAfWnk.jpg

idCYBMfEJT4.jpg

H5lEzPhgevY.jpg

Share this post


Link to post
Share on other sites

vVqj9fOl3qQ.jpg

 

На многих могилах нет камней, к сожалению, не ясно были ли они вообще, но рассмотрим те что есть.

 

IY0QsTIV_S0.jpg

23RGU3cIo5E.jpg

QnjcPdBk-r4.jpg

5v5W1e2Lx7w.jpg

l-oLCI1SuFE.jpg

6fEIYu81oxo.jpg

 

rfbg2rKPz0I.jpg

 

 

Извиняюсь, за плохое качество. Достал, что мог.

Share this post


Link to post
Share on other sites

 

Есть ещё один камень. Если не ошибаюсь там говорится о моём 6-ом прадеде Култы.

 

v38gA0QMpYM.jpg

 

Примерно так только с годом непонятно.

 

1305 год (по хиджре ???)

Алтын рух

Айдай таифа

Мидат Култаз улы

73 года

 

на казахском кажется

 

Дарбакайда халат атды

Худа рахмат айлагай

Амин

 

Это с большой вероятностью Медет Култы улы (3й-сын).

 

Насчёт года. Если верить этому руководству:

 

Для перевода даты из Хиджры в григорианский (милади), ныне действующий солнечный календарь, есть формула, по которой дата по Хиджре умножается на 0,97 и к полученному числу прибавляется 621,6 – так и получается год по милади.

Пример: 1422 x 0,97 = 1379,4 + 621,6 = 2001.

 

То получается : 1305 х 0,97= 1265,85; 1265,85 + 621,6 = 1887г.

 

т.е. он родился: 1887-73=1814г.

 

Огромное спасибо!

Share this post


Link to post
Share on other sites

№ 153

 

1831 г. июля 4. — Письмо оренбургского военного губернатора в Азиатский департамент МИД о разгроме царским карательным отрядом казахских аулов, поддерживавших султана К. Касымова.

 

По сведениям, полученным мною из Восточной части орды, военный отряд, вышедший из Кокчетавского приказа, разорил до основания аулы многих киргиз, приверженных их Кинесаре, и в [том] числе аул Сарджана, убитого куканцами родного брата Кинесарыева. Скота собрано чрезвычайно много и выгнато на линию.

 

С торговцев, разъезжающих по степи, Кинесары собирает пошлину, а приверженцы его под этим предлогом обирают купцов без милосердия, так что многие потерпели значительные убытки. Пощажены только те, которые торговали в самых аулах мятежников; с них ничего не взято, и они приобрели значительные выгоды.

 

Многие киргизы удаляются от Кинесары. Аргынского рода бий Чиген Мусин, которого Кинесары приглашал присоединиться к нему, прикочевал к Тоболу, удаляясь от опасного соседства. Туда же прикочевал и по той же причине заседатель Аман-Карагайского приказа подп. Язы Янов со своими киргизами.

 

Местопребывание мятежников в точности не известно, по разности сведений, распространяемые, как видно, с намерением.

 

Нынешний караван пришел в Троицк благополучно, но пришедшие с ним киргизы родов яппас и алтын потеряли много скота, в особенности баранов, от того, что рано откочевали с зимовок своих или лучше сказать от того, что весна открылась необыкновенно поздно.

 

АВПР, ф. Гл. архив, 1-9, д. 6, лл. 748-749.

 

 

© КАЗАХСКО-РУССКИЕ ОТНОШЕНИЯ в XVIII-XIX веках (1771-1867 годы) (СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ И МАТЕРИАЛОВ)

Share this post


Link to post
Share on other sites

№ 311

 

1860 г. января 28. — Предписание командующего сырдарьинской линией управляющему присырдарьинскими казахами надворному советнику Осмоловскому о передаче казахам отнятых у них пахотных земель.

 

В бытность мою в форте № 2 киргизы алачинского рода аманкулова отделения Тычканбай, Унжабай и Тугузбай объявили, что комендант того форта отнял у них пахотные места, прилегающие вдоль берега Джаман-Дарьи от ур. Уразбай до ур. Каргалы и передал их прикочевавшему из Каракум бию алтынского рода Байназару и тем лишил хлебопашества более 100 кибиток. Капитан Растопчин, хотя объяснил, что пространство это, заросшее густым кустарником, никогда прежде не обрабатывалось этими киргизами; но находя, что он не имел никакого права не только отнимать земли у одних киргиз для отдачи другим, но и вообще наделять их землями, хотя бы совершенно свободными, поэтому мною, вместе с сим предписано ему участок, отданный Байназару, возвратить претендующим киргизам.

 

Сообщая об этом Вашему высокоблагородию для сведения и объявления вышепоименованным киргизам, присовокупляю, что из собранных, между тем, сведений видно, что стеснение тех киргиз произошло не столько от отдачи того пространства Байназару, сколько от занятий места рядом, до 40 верст по прямой линии, кочевьем султана Иликея Касымова с его родственниками, поэтому покорнейше прошу Вас обратить внимание на участок, занимаемый султаном Касымовым, и не признаете ли справедливым из занимаемого участка Иликеем выделить Байназару без стеснения для каждого и о последующем мне донести.

 

Командующий сырдарьинской линией генерал-лейтенант Данзас.

 

Чиновник особых поручений капитан [Подпись неразборчива].

 

ЦГА КазССР, ф. 383, on. 1, д. 148, лл. 1 и об.

Share this post


Link to post
Share on other sites

№ 282

 

1857 г. сентября 14. — Представление командующего Сырдарьинской линией генерал-майора Фитингофа о награждении родоправителей за участие в борьбе с восстанием под руководством Д. Нурмухамедова.

 

Здешние ордынцы, исполняя разные поручения начальства и оказывая иногда немаловажные услуги, как известно даже Вашему пр-ву, не получают за то никакого жалованья, стараясь только обратить на себя внимания начальства, почему я считаю себя обязанным представить здесь достойных и просить ходатайства Вашего пр-ва о выдаче им наград в поощрение за их службу, именно:

 

1) управляющий алачинского рода Исет Тулепов с самого взятия кокандской крепости Ак-Мечети исправляет эту обязанность с особенным усердием, полным бескорыстием, добросовестностью и честностью, необыкновенной между киргизами. Он пользуется большим уважением киргиз, на него во все время служения не было ни одной жалобы. Я полагал бы наградить его серебряной медалью на анненской ленте для ношения на шее; 2) бий чумекеевского рода тюбетева отделения Ярлыкап Манасов за оказанную им ныне преданность русским, доказанную неприятием никакого совершенно участия в возмущении минувшей зимой киргиз, где он имел все средства. Он, несмотря на приглашение Джанходжи Нурмухамедова, не только решительно отказался от всякого участия, но даже советовал оставить и самому Джанходже это возмущение. Я признаю его достойным наградить серебряной медалью на анненской ленте для ношения на шее; 3) управляющего алтынбаевым и кулювым отделениями бия зауряд-хорунжего Ульбубека Таимова за усердие к службе и содействие отряду Г.М. Фитингофа против скопища Джанходжи полагаю наградить серебряной медалью на анненской ленте для ношения на шее; 4) почетному киргизу алтынского рода маметского отделения Тасыру Даирову за содействие начальнику форта № 2 во всех делах, касающихся киргиз, исправление при форте должности базарного и усердное выполнение всех вообще требований начальника того форта и особенно оказанную им службу во время бывшего зимой 1856 г. возмущения киргиз при форте № 1, когда он находился там только с двумя ордынцами, полагаю удостоить серебряной медалью на [431] анненской ленте для ношения на шее; 5) управляющие табынского рода унтамбалинского отделения бий батыр Бухарбай Истекбаев и три стамбелинского отделения — Саиль Байкадамов, известные своей храбростью ордынцы, исполнительные и честные. Первого я полагал бы удостоить производства в зауряд-хорунжие, так как уже он имеет серебряную медаль за Кумсуатское дело, а второго — серебряной медалью на анненской ленте для ношения на шее; 6) бия яппасского рода восточной части орды Уткульбая Исина, оказавшего особенное усердие при проверке им кибиточного сбора за 1855 и 1856 гг. с киргиз, кочующих около форта № 1, где, несмотря на смуты, происходившие зимой, успел открыть 919 кибиток; кроме того, этот ордынец несколько раз был начальником транспортов, привозивших в форты съестные продукты, под его начальством возчики верблюдов всегда были довольны и верблюды почти все возвращались обратно хозяевам, что очень редко в других транспортах, в которых много верблюдов падает от худого присмотра. За эти услуги, выходящие из ряда обыкновенных, я полагаю его достойным производства в хорунжие; 7) бий кипчакова рода Джанабай Уразов, управляющий киргизами, кочующими около разрушенной крепости Чимкургана, преданный русским ордынец, исполнительный и довольно честный. Он первый явился в отряд генерал-майора Бларамберга, ходившим в 1852 г. под Ак-Мечеть. Достоин производства в зауряд-хорунжие; 8) бия яппасского рода Балыкбай Тюреблева за постоянное и усердное выполнение им разных дел и муллу Мухамеджана Утегенева за исправление им должности письмоводителя при татарской канцелярии и исполнение возлагаемых на него различных поручений, я считаю достойными производства в зауряд-хорунжие; 9) бию яппасского рода Буйдака Бигалина за выполнение поручений по разузнанию о шайках, собрание вообще сведений и поездку для того в бухарские и хивинские пределы и принятие на себя выполнение таких поручений и поездку в такие места, на что не решаются другие, признаю вполне достойным чина зауряд-хорунжего; 10 аргынского рода караманского отделения Чудуру Мурзабекову за доставление им сведений о замыслах бывшего мятежника Джанходжи двукратную поездку в его лагерь, — суконным кафтаном при похвальном листе; 11) табынского рода унтамбалинского отделения Иммухамеду Туребаеву, за усердие в службе взамен потерянного им в походе против скопища Джанходжи именного серебряного перстня — выдать новый; 12) почтарю форта № 2 киргизу алачинского рода алтыбашева отделения Даулетбаю Кадырбаеву за поездку его с почтой прямо в Уральское укр. из форта № 2 по случаю бывшего минувшей зимою здесь возмущения, где он потерял три лошади, я полагал бы выдать денежное пособие по усмотрению начальства.

 

Киргизу кипчакова рода кланова отделения Тукемашинову за поездку его лазутчиком в Кокан, где он был задержан и приговорен к смертной казни, но выкупился за 20 тиллей, я нахожу необходимым выдать также денежное пособие по усмотрению начальства; и жене киргиза япасского рода уйгутова отделения Урунбая Алдабергенева — Тансык Рыспаевой — за постоянную торговлю при форте № 2, снабжение гарнизона оного необходимыми иногда продуктами и отпуск их по дешевым ценам, я полагал бы выдать кусок материи на платье.

 

ЦГА КазССР, ф. 384, on. 1, д. 9, лл. 1-2 и об. Отпуск.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Рахмет.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Құлты әулие

 

«Тұлпардың тұяғы, асылдың- сынығы» демекші 70 жасқа толуына байланысты академик Камал Сәруарұлы Ормантаев туралы «Егемен Қазақстанның» /2006жыл 8 қыркүйек/ № 214 санындағы жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің «10500 баланың атасы Камал Ормантаевтің жасаған операңиясы осындай» деген жэне «Денсаулық» журналындағы Бексұлтан Нұржекеұлының жазган мақаланы жүректен шыққан жылы сөздерді оқып көңіліміз біраз марқайып қалды. Ежелден Қырды жайлап Сырды қыстаған қазақпыз ғой. Камалдың бабасы Ормантайдың әкесі Құлты да кезінде білгір атақты емші болыпты.

Ол кісі ХІХ-ХХ ғасырларда Ырғыз, Торғай өңірінде өмір сүрген. Жазда Ақтөбе, Қостанай облысының Ыргыз, Торғай, Тобыл бойын жайлап көшіп жүрсе керек.

Кезінде Торғай, Ақтөбе, Қызылорда өңірінде емшілігімен аты шыққан Құлты 19 ғасырдың басында дүниеге келіп ұзақ өмір сүрген, халықты емдеп жазып, көп қайырымдылық жасаган кісі.

Оның емшілігі жөнінде көне көз қариялар тамсана аңыз етіп әңгімелейді.

Ол сөзбен, шөппен, отпен, пышақпен және қобызбен емдеген. Жазылмайтын жанды жара, мерез аурулары, ол кезде емге көнбейтін сүйек тасу, қан кысымы, жүйке ауруларын жақсы емдеген. Оташы, сынықшы болған.

Әсіресе жын қаққан деп аталып жүрген жүйке ауруларына шалдыққан адамдарды жақсы емдеп жазған. Небір жазылмайтын жүйке ауруларын қобыз үнімен, шөппен және суға түсіріп булау арқылы емдеп жазады екен. Ұлы таудан басын алатын Торғай өзені Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына алып келіп Уәлі өткелі тұсынан өткеннеп кейін көктемде су тасығанда арнасынан асып екі айырылып «Әулие құлақ» арқылы Нұра тауы етегінде жанамалай жайылыгі арнасынан бөлек екінші жағынан тагы да Суқарқия, Қосбүйрек, Жаманай шыңдарын орап отіп Мыңсай арқылы Құрдымға, Шалқар теңізге құяды. Сол әулие құлақтан су шыққан татыр тұсында Торғай өзенінің оң жағында Нұра тауының биік шоқысының басында Құлты Әулие бейіті тұр. Қазіргі Нұра селолық округіне қарайтын Мамыр елді мекенінен 13-14 шақырымдай жерде.

Құлты қайтыс болғаннан кейін халық жиналып таудың басына он екі қанат киіз үйдің аумағындай жерге қиыршақ тас, саз жэне арасына тобылғы қаластырып биік белгі орнатқан. «Кұлты әулие» белгісі деп аталған белгі бірнеше ғасырларға шыдас беріп элі тұр. Құлты әулиенің бейіті қасында көптеген молалар бар. Бұрын көшпелі халық әулие басына тәу етіп түнеген.

 

С.Ә.Байжиен

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Ыргыз селосы

Share this post


Link to post
Share on other sites

Историческая земля:

Берег Волги (Еділ бойы) [до начала 19 века];

Западно-Казахстанская обл., район "Жаныбек" [до начала 19 века];

***

откуда взяли инфо об этом? на Едиле и в Жаныбек алтынов нету же и не было там

Share this post


Link to post
Share on other sites
откуда взяли инфо об этом? на Едиле и в Жаныбек алтынов нету же и не было там

 

Сейчас нету, но до Букеевской орды были.

 

"Итен мырзаның ата қонысы Еділ өзенінің бойы екен. Уәлі би – қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Еділ бойында 1798 жылы туылған. Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайықтың бойына, арқаға ауып келе бастады. Сол кезде Итен де Құлты, Уәлі деген балаларымен бірге қазіргі Ақтөбе, бұрыңғы Торғай облыстарының жеріндегі арқа өңіріне көшіп келеді. Қазірде Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының Мамыр бөлімшесінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Бұл жергілікті жұрттың әулие бейіті деп зиярат етіп, түнеп кететін қасиетті орны болып саналады. 2009 жылы Құлты әулиенің ұрпақтары Құлты әулиенің басына ескерткіш тақта орнатты.Осы Ырғыз ауданында «Уәлі өткелі » деген жер және Уәлі базасы бар. "

 

Во-общем всё стало на свои места. И рассказы аксакалов, и почему в данных ранее не упоминаются.

Share this post


Link to post
Share on other sites
Сейчас нету, но до Букеевской орды были.

до там пустовало. до 1771 были калмыки

Share this post


Link to post
Share on other sites

Габриэль алтыны в букеевской орде были,они не упоминаются т.к. записывали их и считали жаппасами, в саратовской,волгоградской и астраханской обл. Очень много алтын-жаппас,у меня родственников и друзей много из них.

Share this post


Link to post
Share on other sites
до там пустовало. до 1771 были калмыки

 

от куда такие данные? В районе Жаныбек, есть беит Салтеке батыра (Маметек Алтын).

Share this post


Link to post
Share on other sites
от куда такие данные? В районе Жаныбек, есть беит Салтеке батыра (Маметек Алтын).

где погиб там и похоронили. это не факт проживания алтынов там.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Алтыны были в букеевской орде,их записывали как жаппас,в саратовской,волгоградской и астрах.областях так же много алтын-жаппас,у меня есть родственники и друзья из алтын-жаппас,но они говорят свой ру жаппас,а когда спрашиваешь какой говорят алтын.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Create an account or sign in to comment

You need to be a member in order to leave a comment

Create an account

Sign up for a new account in our community. It's easy!


Register a new account

Sign in

Already have an account? Sign in here.


Sign In Now
Sign in to follow this  
Followers 0