алла

род Шегир

8 posts in this topic

здравствуйте! я из рода шегир. очень бы хотелось узнать об истории рода или о предках. К сожалению знаю только имя дедушки-Райымбеков Байсымак,участник ВОВ.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Насколько знаю, Шегир относиться к Дулатам к ветви Жаныс. (конечно если не существует тёски).

Share this post


Link to post
Share on other sites
Насколько знаю, Шегир относиться к Дулатам к ветви Жаныс. (конечно если не существует тёски).

Да существуют тёзки. В Кыпшакском роде Шашты есть подрод Шегир. По длительности ата Шегир Дулатского рода и Шегир Кыпшакского рода одинаковы. По Дулатским Шегир это Булату. Нужна дополнительная информация. Прилагаю информацию о Шегир(Дулат) из шежире Толе би.

 

Батырбек Бақтияров жазған шежіреде (1973 жыл) «Оймауыт пен Бөгежіл Жаныс ішіне бірі анасының ішінде, бірі шешесімен еріп келгендігі Төле би шежіресінде жазылғандығын айтады. «Омауыттың негізі монғол, Шыңғысхан кезінде келіп сіңіскен. Демек, анасының соңынан еріп келген Оймауыт болғаны шындық», - дейді тарихшы А. В. Валигин, 1том, 2).

Оймауыттың Қаракелімбетіндегі Қойылдар мен Үйсіннің бір тармағы Қойылдардың монғолға жататын Маңғырт тайпасының көсемі, Шыңғыстың сенімді серігі – Ойсылдар есімімен үндес жатқаны байқалады. Сондай-ақ Шоқан Уәлиханов жазған шежіредегі Қойылдардан Қатағанды шығаруы да кездейсоқ жай емес сияқты. Демек, Қойылдардың Өзбек хан, Ноғай хан сияқты тайпалардың түп атасы дәрежесіне көтерілгендігі шежіреге сиымды. Оймауыттың Саңғылбай, Төлебай, Қаңлыбай деген аталары оған Қоңырат, Жаныс, Қаңлы елдерінің қатысы барлығын көрсеткендей.

Жаныстың Толғанай деген бәйбішесінен Жантелі, Жарылқасын, Жантен деген үш ұл туады. Сиқым өлген соң оның әйелін Жаныс алды, одан Қапал туды. Кейін үлкен балдызын алды, одан Ахмет (Шегір) туды. Ол көзінің шегірлігіне байланысты солай атанды. Олжаға түскен қарақалпақтың әйелін алып, одан Жолымбет (Бөгежілі) туды, одан соңғы баласы Жамбыл Оймауыт атанды.

Әбілғазы баһадур өзінің «Түрік шежіресі» атты кітабында Оймауыт туралы былай жазған:

«Оймауыт елі Моңғол Нүкүз Ұрпақтарынан тараған. Мұны бұл уақытта Оймауыт деп те атайды. Барша Оймауыт елі – осы кісінің нәсілінен.

Оймауыттың үш ұлы болды. Үлкенінің аты Қонқамыр. Барша Қонқамыр руы – осы кісінің нәсілінен.

Меңлік ечеке Қонқамыр руынан еді. Меңлік монғолдың құрметті кісісі еді. Сондықтан ечеке дер еді (Меңлік - «ата» деген сөз).

Шыңғысханның әкесі өлгеннен кейін анасы Меңлік ечекеге тиеді. Сондықтан барша Қонқамыр руы Шыңғысханға қосылады.

Анасын Меңлік ечеке алғанда Шыңғысхан он үш жаста еді. Сол уақыттан өзі өлгенше соғыста да, жақсы күндерде де, жаман күндерде де оның қасынан ажырамай қызметінде болды. Отырғанда да ханың оң жағында басқалардан жоғары отырар еді» (41-42 беттер).

Кейінгі шежіре жазушылар осы Меңлік ечекені Қоңырат еді дегенді қайдан алды екен?

Ұлы жүз Жиделі Байсынға алты рет шауыпты. Алғашқы рет Қожамберды бидің тұсында екен. Бұл Есімхан кезінде болған. Есімхан Тұрсынханды өлтіріп, қатағандарды қырғанда, Қыбырай батыр бір екіқабат қатынды қолға түсіріп, Қожамберді биге сыйға береді. Одан туған баланың атын Олжақұл қояды. Өзінен туған баланы (сол қатыннан) Сұлтанқұл қояды.

Қожамберді Жамбайдың бір қызын Есімханға берген еді. Тұрсынханмен соғыста Нағышбек деген жігіт оны қырғынан алып шығып, Қожамбердіге әкеп береді. Ол қызды қайтадан Нағышбектің өзіне әйелдікке береді.Одан туған баланы Бөкес деп атады. Жанысқа жиен.

Қожамберді Ұлы жүзге би еді. Ол өлген соң орнына Құдайберді деген баласы би болады. Оның тоғыз ұлы бар еді. Құдайберді өлген соң орнына баласы Әлібек би болды. Ол кезде қазақтың ханы Есімханның баласы Салхам Жәңгір еді. Орта жүзде Арғын Шаншар би, кіші жүзде Алшын Жидебай би болатын. Әлібектен кейін Ұлы жүзге оның баласы Төле би болды. Бұл кезде Орта жүзге арғын Қаракесек Қазыбек би, кіші жүзге төртқара Әйтеке би еді, қазақтың ханы Жәңгірдің баласы Тәуке болды.

Үш жүздің басын біріктіріп отырған Әз Тәуке өлген соң, ауыз бірлігі кеткен қазақты қалмақтар оңды-солды шауып, ақыры «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратты. Сонда Төле би қалмаққа бағынамын деп кісі жіберіп алдап, өзі Сиқым Мәлік батыр, Бөгежіл Көтен батыр, Шымыр Қойкелді батыр, Сіргелі Қаранай батыр, Қаңлы Құнан батыр, Қоңырат Төлебай батыр, Рамадан Алшынбай батырлармен келісіп, Шыршықтың тасып жатқан өзенінен Қожакенттің көпірімен өтіп, Жиделі Байсынға көшіп кетеді. Жалпы көшті Қаранай батыр басқарады. Үш жүздің қалғаны қалмаққа бағынып қалады. Алты жылдан соң қалмақтарға шешек ауруы тарап, олар Ташкенттен кетеді. Оны есітіп, Төле би ауған елдермен қайта оралады.

Сол кезде қалмақ ханы Баршахан Төле биге өзінің уәзірі Сеңгілді (Саңғыл) жіберіп, оның бағынуын талап етеді. Төле би елшіні шарап беріп күтіп, мас қылып ұйықтатып тастағанда, жиені Сиқым Жанат батыр оның алтын айдарын кесіп, майталман қылады. Оған ашуланған қалмақ ханы сол шашты кескен адамды беруін талап етеді. Төле би оған өз ұлы Жолан батырды беріп жібереді. Қалмақтың ханы Жоланның нағыз бек екенін біліп, босатып жібереді де, артынша жау болғандығын білдіреді. Ол кезде Төле би Жетікентте екен. Қалмақтың елшісіне шарапты тағы баса беріп, мас қылып тастап, Қоқанға қарай қашып, ауып кетеді. Түркістан, Сайрам, Шымкентті қалмақ алып, Төле бидің Қожабек, Жолан деген екі ұлын қалмақтар тұтқынға алады.

Төле би Тойтөбеге жеткенде бұл хабарды есітіп, қайтып Қыбырай, Дөрменге келіп, Телімбет деген жігітті қалмаққа елші етіп жіберіп, екі баласын босатып алады да, Жиделі Байсынға ауып кетеді.

Кейін қалмақты Қытай алып кеткен соң Төле би Жиделі Байсыннан қайтып келеді.Ол құрма ішіндегі үйсін Бүркіт бимен одақ құрып, Ташкенттегі Жолбарыс ханды жеңіп орнына билікке отырады. Ол он екі жылдай Ташкентті билейді.

Садыр деген қырғыз Ұлы жүзді шапқанда, Төле би Арқадағы Абылайды келтіріп, қырғызға қарсы атандырады. Сол соғыста Ботбай Сәмен батыр қырғыздың Кәрібоз деген батырын жекпе-жекте жеңіп шығады. Соғыста Абылай қырғыздарды жеңіп, бір топ адамдарын және мал-мүліктерін қолға түсініп өзімен бірге алып кетеді.

Төле би қартайған соң Жүніс қожа деген сартты (өзбек) Ташкентке әкім етеді. Төле би дүниеден өткенде денесін Шайқантәуір бейітіне қояды. Оның бейітін халық «Қарлығаш әулие» деп атайды.

Сиқым Мәлік бидің баласы Босымойын би Ташкенттің билігіне таласып, оны алуға күш салады. Оған Қаңлы, Шанышқылы билері қарсы болып Жүніс хан жағына шығады. Олар Дулатты жеңіп, Ташкенттен қуып жібереді.

Қырғызды шауып күшейген Жаныс Ақбота бидің Ырысбай деген баласынан туған Бәйтік би Төле бидің орнына қайта таласады. Бірақ Қыпшақ, Өзбек, Шанышқылы, Қаңлы Дулатқа тағы да қарсылық көрсетіп тұрғанда, алауыздықты пайдаланған Қоқан ханы Әлімхан інісі Омарханмен бірігіп бір жылдың ішінде Ұлы жүзді өзіне қаратып алады. Олар Арқадағы қазақтарды да бағындырмаққа әрекет жасап жүргенде орысты өшіктіріп алады да, олардың қазақ жерін басып алуына себеп болады.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Да существуют тёзки. В Кыпшакском роде Шашты есть подрод Шегир. По длительности ата Шегир Дулатского рода и Шегир Кыпшакского рода одинаковы. По Дулатским Шегир это Булату. Нужна дополнительная информация. Прилагаю информацию о Шегир(Дулат) из шежире Толе би.

 

Алла добрый день.

 

Я Болат из рода Шегир (шегиры, происхождением от рода Жаныс проживают в основном в Южном Казахстане ) - курирую файл рода Шегиров. Попробуйте скачать файл shegir в Улы-жуз. В этом файле нажмите Ctrl+F и введите поисковое имя - например Баимбет. Если Вы не найдете своих родичей - просьба написать максимально свою ветвь - отца, деда, прадеда, их братьев и где они проживали - насколько смогу - постараюсь помочь. С уважением Болат.

Share this post


Link to post
Share on other sites
здравствуйте! я из рода шегир. очень бы хотелось узнать об истории рода или о предках. К сожалению знаю только имя дедушки-Райымбеков Байсымак,участник ВОВ.

 

Шегирам повезло что десятки шежирешi собрали огромную информацию о нашем роде - и теперь большинство нашего рода расписано в файле shegir Улы жуза. Нашел и деда вашего и его отца - строка 2546 - от вас огромная просьба расписать вашу ветвь от вашего деда - прислать мне на мою личную почту - sugirbekovb@mail.ru - буду вносить всю вашу ветвь от вашего деда - только как можно подробнее, включая женщин рода itubh/ C уважением ваш родич Болат.

Share this post


Link to post
Share on other sites

Алла - ваше полное шежире ШЕГIР - АТЕЙ - КЕДЕЙ - НАЗАР - КАРКАРА - БАЙСАКАЛ - БАЛПЫШ - СЫРГАК - КОБЕТАЙ - ОТКЕЛБАЙ - ОРАЗБАЙ - РАЙЫМБЕК - БАЙСЫМАК.

С уважением, Сугирбеков Болат Азимбаевич

Share this post


Link to post
Share on other sites

Как Вас не хватало здесь :)

Share this post


Link to post
Share on other sites

Асет, мы посмотрим вашу карту расселения аталар рода Шегир

Share this post


Link to post
Share on other sites

Create an account or sign in to comment

You need to be a member in order to leave a comment

Create an account

Sign up for a new account in our community. It's easy!


Register a new account

Sign in

Already have an account? Sign in here.


Sign In Now